43 автобуста болған оқиға
жеке
блог

43 автобуста болған оқиға

Бүгін кешке үйге қайтар жолда, Майқұдыққа баратын 43 автобусқа отырдым. Іші адамға лық толы. Ине шаншар жер жоқ. Фарш болмақ түгіл, лепешка болдық. Бір кезде, егде жастағы әженің жан айқайы шықты: "ӘЙ, ӨЛТІРЕСІҢ БЕ? ЖҰМЫРТҚАААААААААААААААМ, ой, ЖҰМЫРТҚАААААААААМ ЕЗІЛДІ ҒОЙ". Картинки по запросу смех

Сол сәтте, жұмыстан, сабақтан шаршап шыққан адамдар бір минут үнсіздікке салынып, хормен күлкіге оранды. Бір-бірінің аяғын басып, әрең ұсталынып тұрған жағдайда жаман ойлар зып еткен сияқты) 
Сондағысы, әжеміздің қолында дүкеннен сатып алған жұмыртқалар болған екен. Дұрыс түсінбегенімізді ұққан әжейдің өзі, езуін жия алмай аялдамасынан түсіп қалды. Күлсең кәріге күл деген осы екен ғой.