Күнтізбе

Күнтізбе
жеке
блог

Күлеміз. Жүреміз.

Армандаймыз. Сенеміз.

Лағамыз. Жағамыз.

Кетеміз. Барамыз.

Оянамыз. Ұйықтаймыз.

Айтып ап ақыл, ұқпаймыз.

Жүгіреміз. Құлаймыз.

Сүрінеміз. Жылаймыз. 

Ұнатып, жақсы көреміз. 

Бар қиынға төземіз.

Оңайырақ жол іздеп,

Ақша артынан ереміз. .

Күтеміз. Жетеміз.

Қуанамыз. Көреміз.

Көре алмай тағы сөгеміз. 

Қиялдаймыз. Сеземіз. 

Толқынға қарсы жүземіз. 

Ерінеміз. Жатамыз. 

Құр қызыққа батамыз. 

Қуамыз. Қашамыз.

Адалдықты сатамыз. 

Оқимыз. Еңбек етеміз.

Арманға бір күні жетеміз.

Өсеміз. Өнеміз.

Уақыты анық жеткенде

Қарсылықсыз өлеміз.

Сонда мына жалғанның

Ұға алмай мəнін кетеміз.