Консерватор, реформатор, новатор дегеніміз не?

Консерватор, реформатор, новатор дегеніміз не?
жеке
блог

Қай жерде, қандай күні, қандай жұлдыз белгіде дүниеге келгеніне қарамастан адамдар үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: консерватор, реформатор жəне новатор. Бұл əр топтың жеке өзіне ғана тиесілі көзқарастары, өз принциптері, өмірлік ұстанымдары ,қызығушылықтары,  алға қойған мақсаттары болады. Жəне өз көзқарастарының деңгейінде өмірлерін сүріп, тағдырларын құрады. 

Халық арасында ең үлкен мөлшерді иеленетін топ өкілдері консерватор деп аталады. Аталған топ өкілдері "Сен тимесең мен тиме" принципімен өмір сүреді. Консерваторлар көбіне салт- дəстүрді құрметтеп, ескі заңдар бойынша жүргенді дұрыс деп табады. Айта кету керек консерваторлар "бағынушы" рөліне үйренген жандар.  Сондықтан да олар мамандық таңдауда көп қиналмай, көпке белгілі дəрігер, мұғалім, заңгер, аспаз сияқты тексерілген дəстүрлі мамандықтарды меңгеруді жөн көреді. Олар жұмысқа кешікпей барып , уақытында қайтады. Олардың басты мақсаты отбасы берекесін сақтап, бірқалыпты, тыныш өмір сүру. Олар өмірге реалистік көзбен қарағанды ұнатады. Ғажайыпқа сенбейді. Тағдырдан тосын сыйлар күтіп, алпауыт дүниелерді армандамайды. Өмірлерін өзгертуге көп күш жұмсамайды.  Пешенеге жазылған өмірді сүріп жүре беруге дайын. Консерваторлар көп оқығанды, ізденгенді ұнатпайды. Олар үшін оқу ауыр жұмыспен тең. Консерватор-ббалалар өз ата-аналарына қатты бауыр басқан болып келеді. Жəне тек ата-анасының шешімімен күн кешеді. Бұл топ қоғамдағы ең төмен саты ретінде саналады.

Реформаторлар- бұл қоғам үшін дүниеге келген адамдар. Олардың басты мақсаттары əлемнің жағдайын жақсартып, əділеттілікке қол жеткізіп, барлық адамдардың өмірін жақсарту. Олар ең бастысы қоғамда елеулі орын алып, басқарушылық қызметтер атқарып, қоғам қайраткері болуды армандайды. Олар бұйрық беріп, өз дегенін орындатқанды жақсы көреді.  Олардың жұмыс кестелері өз қолдарында. Олар бала кезден көзге түсіп, басқа балалардан өзгеше болуды көздейді. Оқуға келгенде еріншектік танытпайды. Адамдар арасындағы айырмашылықты білім қалыптастыратынын жақсы біледі жəне жарқын болашақ үшін күні түні еңбек етуден аянбайды. Өзін дамыту үшін түрлі үйірмелерге барып, дарынын шыңдайды. Өздерін ақылдылықтың, көрегенділіктің көрінісі санайды.  Өмірлерін қоғамда жақсы атты болу үшін жұмсайды.

Новатор-адамдар арасындағы ең аз мөлшерде құрайтын топ. Тап осы адамдар барлық адамзаттың алға жылжуының басты себепкерлері. Олардың басты қалауы- тəуелсіздік. Жанның ,тəннің тәуелсіздігі. Олар ешқандай жағдайда ешкімге бағынғанды ұнатпайды. Көптің бірі болғысы келмейді. Өзі қызығушылық танытқан нәрсені тез үйреніп, тез меңгеріп алады. Новатор қай ортада болмасын ерекшелігімен көзге түседі. Реформаторлар ойлап тапқан заңдармен жүру олар үшін қызықсыз.  Новаторлар кез келген ортада кездеседі. Алайда олар басшылыққа ұмтылмайды. Ұмтылыса да оларды ешкім басқарушы етіп тағайындамайды. Себебі олар тым əділетті, тым білімді. Қоғамның барлық олқы тұстарын бес саусақтай біледі. Сондықтан өтірік көлгірсу олар үшін жат қылық. Новатор əрдайым жалғыз. Себебі оны түсінетіндер мыңнан біреу ғана. Олар білім құмар. Олар жаңа идеялардың генераторы. Барлық нəрсе бірінші ойда,  одан кейін өмірде пайда болатынын олар жақсы біледі. Нағыз новатор өзі үшін жан емшісіне айналып , кейіннен басқа адамдардың емшісіне айналады. 

Міне,  адам көзқарасыңыз үш түрі. Оқып, саралап , өзгергіңіз келсе қадам жасап көріңіз. Бəрі де өз қолдарыңызда!