Бұл менің пікірім #1
жеке
блог

Бұл менің пікірім #1

ҚҰҚ

Кеше Ұлттық құрамамыздың "Ұлттар лигасындағы" қарсыласы белгілі болды.Осы орайда бапкерлік қызыметінен кеткен Бородюк мырза мен ҚФФ басшылықтары туралы өз пікірімді білдіргім келеді.

Боро
Маусым басында Қайратты қайрай алмай өз еркінен қызыметінен кеткен Бородюк мырзаға Ұлттық құрамамыздың тізгінін ұстата салған басшылығымыздың ойында не болды екен.Өз елінде мардымды іс бітіре алмай бос жүрген бапкерді,əжептəуір өнер көрсетіп жүрген Талғат мырзамен еш себепсіз орын ауыстыру басшылықтың 2017ші жылғы ең үлкен қателігі болған секілді.Сенген қойым сен болсаң деген бар.Сеніп тапсырған адамымыз 7 ойында 6 рет жеңіліп 1 рет тең ойнады.Жəне қызыметінен босатқаны үшін басшылық 162 500 000 ₸(500 000$) төледі.Басынан ақ Бородюк мырза Қазақ жанкүйерлеріне еш ұнамаған.Бұдан кейін де елге бапкер ретінде аяқ баспаса екен.
Жақын күндері ұлттық құрамамыздың бапкері тағайындалатыны анық,осы жолы басшыларымыз қателеспесе екен.Былайша айтқанда жанкүйерлердің 90 % бапкердің ресейден келгенін еш қаламайды жəне Стойлов мырзаның осы қызыметті атқарғанын қалайды.
Неге бермеске Астана клубымен 4жылда жеткен жетістіктерін саусақпен санап тауыса алмайсың.Қазақ футболына жаңа тарих жазған ҰЛЫ ТҰЛҒА.Клубының негізгі құрамының ойыншыларын толықтай дерлігін өз елінің ұлттық құрамаларының негізгі ойыншысы ретінде қалыптастыра алған еліміздегі жалғыз бапкер.Бұдан кейінде Қазақтан талай таланттарды суырып шығаратынына да сенеміз.
Лайым тағыда қателеспей осы жолы басшылар қадамды анық басса екен.