Флотсыз капитан.
жеке
блог

Флотсыз капитан.

Сауатты қоғамның парадоксын қараңыз"ойымызды түсінеді,ал  тілімізді түсінгісі келмейді".Алайда,тіл мәдениеті дегеніміз-мемлекет мәдениеті.Өтіріктің қашанда ойбайы басым,ал шындық үндемей жатса да үрейлі.Алыстан арбаламастан,жақыннан-ақ жағымсыз фактілерді кесе көлденең келтіре кетейін.Әлемнің айнасы -ақпарат.Адамзат тарихындағы кез-келген шиеленіскен оқиға халық назарынан шетте қалмайды.Себеп?

 Себебі жаһандық проблемалар тікелей саясаткерлер мен тілші қауымның назарында.Сіздердің де тақияларыңызға тар келмейтін мәселе жайлы айтқалы отырмын бүгін.Дүниені ұшы-қиыры жоқ мұхыт деп алсақ,алаштың жағдайына жаным ашиды.

Қарақшы капитан басқаратын қараңғы палубада су шүберек ұстаған баланың күйін кешіп жүрдік.Ащы болса да шындық,қиын тиседе шынайылық сол.Тектілігімізді,ұлтық санамызды дәлелдегіміз келеді де,жанымыздағылардан жасқанамыз шарасыз.Кіндігіміз кесілген жердің де , кімдігіміздің жауабын да алатын хал-қауқарымыз жетерлік шындап келгенде.Түске кіретін түменнің тауқыметіне түстікте жеке жайпақ қайықпен бөлекше жолға шықтық.Флотсыз капитанға айналдық.Мақсатымыз айқын,межеміз биік болды өзгеден.Не дегенмене де білімнің теңізінен білімсіздіктің өтпелі кезеңі басымызға қонды.

Тосыннан төбеден жайын сұрақтан да басымызды ала қашатын кеме қызметкерлеріне айналдық тіптен.Елімізде жүрсек те,еңкейген кеудемізді алға ысылдыра алмаймыз,әттең.Шарасыздықтан айғайға салсақ та дауысымыз  өзімізден шықпайтын хәлге жеттік.Кінәлі сіз бе,мен бе, әлде қоғам ба?Ешкім бағынбайтын,ешкімге бағынбайтын сұрқия заманбекен яки...