Қазақтың қалағаны қалаулым ба?
жеке
блог

Қазақтың қалағаны қалаулым ба?

                                                                         Көненінің салған ізін баса алмай тұр,

                                                                         Шаттықтың шымылдығын аша алмай тұр.

                                                                         Қамал алған бабаның ұрпақтары,

                                                                         Қалаулымнан арыға асалмай тұр.

Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым,- дейміз бе?Әр қазақ менің жалғызым, деп жырлаған ақын жүректен де әл кетті.Рухани жаңғырамыз деп жүріп ,адами құлдырауға тап боламыз ба деп, қорқамын кейде.Қара баланың тәрбиесі мен қара қазанның қамын ойлайтын қарға тамырлы қазақтың да, қасиеті қашар болса, өзгеден не құрмет, не қайыр?

       Бұл тақырыпты неге қозғады деушілерге, екі қолымды жоғары көтере жауап бере аламын.Алаш деп ұрандатып, арқа көтере аруақтанған батырдың ұрпақтары, ел алдында егіле жас төккенде, көк экраннан беріде отырсақ та ,ішіне кіріп кетердей ашуға мінетініміз хақ.Он сегізінде от болған Қайраттар мен Сабиралардын садаға кетсін дейміз амалсыз.Он үшінде отау иесі болған Төле билердің төңірегіне жақындамайтын жабайылық пен жасықтықты көргенде, төбе шашым тік тұрып ,еш бір химияда кездеспейтін реакциялар жүреді басымда.Жиырмасында атпалдай азамат болатын,тепсе темір үзер жігіттердің өз күшімен жар таба алмадым дегені қай ақиқатқа саяды?Жібектің тектілігін сақтамайтын, Хауа ананың ұрпақтары халық алдында өзін қалай ұстауды білмейді неге?

Алаштың атын шығарамын дейтіндер ,аламанға түсіп орда бұзатын едіғой.Kөк экраннан көзі мөлтілдеген жастардың аңдығаны, жәшіктегі  жабайылық іс әрекеттері.Саналарының таяздығын, ақылдарының жағалауларына, шыққанда бір-ақ түсінеді екенсің.Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші не арыз болса да,Қалаулым жетекшілеріне ту көтеріп шығамыз.Түптеп келгенде көк соққанның қитарлығына Дайрабайдың жазығы не?

Не десек те жеңгетайлыққа жарап тұрған ұжымға артық датымыз жоқ.Менмін деген орта буынға бұлбұлдың ұясындай кеудеммен жүрек жұта мақала жазамын неге?Себебі кемеге түскеннің жаны бір.Ұлтым ортақ ,елім бірге.

Сөз соңында бір ғана сұрақ*ҚаЗаҚтЫң ҚаЛаҒаНы ҚаЛаУлЫм Ба?*