Облыстық «АРАЙ-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауына шақырамыз!

Облыстық «АРАЙ-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауына шақырамыз!
жеке
блог
Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып Астананың 20 жылдығына орай облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауы өтетінін хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты - жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету болып табылады.
 
БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ
 
Әншілер үшін:
І. Аудан қалаларға арнайы тәлімгерлер бекітіледі.
ІІ. Тәлімгер таңдауымен байқаудың І-ші іріктеу кезеңінен өткен 2 үміткер Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тиісті жолдамасымен байқаудың ІІ-ші кезеңіне қатысады. 
Шымкент қаласы үшін І-ші іріктеуден өткен 8 үміткер жоғары, арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен қатыса алады.
Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында болуы тиіс.
Байқауда 2 ән орындалады.
І кезеңде - Елорда -Астана қаласына арналған әндер;
ІІ кезеңде – Қазақстан композитрларының әндері орындалуы шарт.
 
Мәдени іс-шара жүргізушілері үшін:
І. Тәлімгер таңдауымен байқаудың І-ші іріктеу кезеңінен өткен 2 үміткер Оңтүстік Қазақстан облысының аудан, қалаларындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тиісті жолдамасымен байқаудың ІІ-ші кезеңіне қатысады. 
Шымкент қаласы үшін І-ші іріктеуден өткен 6 үміткер жоғары, арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен қатыса алады.
Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында болуы тиіс.
Іріктеу кезеңіне қатысатын үміткерлерге берілетін тапсырмалар:
- «Тіл мәдениеті» тапсырмасы (белгілі жазушы, ақын, драматургтардың шығармаларынан үзінділер, монолог, әзіл әңгімелер, өлеңдер оқу. (Берілетін уақыт 2 минут);
- Ситуациялық сұраққа жауап беру (Берілетін уақыт1 минут);
- «Үй тапсырмасы» (өзінің қалауы бойынша алдын-ала дайындаған түрлі іс-шаралар, байқау, фестивальдердің сценарииі бойынша жүргізуі. (Берілетін уақыт 2 минут).
Байқаудың ақтық кезеңіне жеткен үміткерлер облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілерінің байқауын жүргізетін болады.
Аудан, қалалардағы үміткерлер өз өтінімдері мен құжаттарын ағымдағы жылдың 30 қаңтарына дейін тапсыруы тиіс.
Келіңіз, қатысыңыз!
2018 жылдың жеңімпазы атаныңыз!