Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Снайпердің «көзі»
Снайпердің «көзі»

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Латын әліппесіне шолу

Латын әліппесіне шолу

Латын әліппесіне шолу

Латын әліппесіне көшу қызу талқыланып жүр. Көпшілік, латын әліппесі әріптерінің ағылшын тілі ережесімен дыбысталуына үйреніп қалған. Ағылшын тілі латын әліппесімен жазылса да, біраз әріптері өзгеше дыбысталады. Сол өзгеше дыбысталатын әріптерге тоқталып кетелік.

Байқағаным, ағылшын тілінде сөздер сыпайы сөйлеген сияқты жұмсақ дыбысталады, ал латын тілінде нақты қатаң дыбысталады.

Aa

Ағылшын тілінде «ә» дыбыстас, кейде қосарланған «әә» сияқты шамалы созылып дыбысталады. Бірақ, қасындағы әріптерге байланысты кейбір сөздерде «а,о,эй,е,ы,і» деп те оқылады: apple [әпыл], mat [мәәт], father [фа:зы], about [ы'бауұт], ball [бо:л], able [эйбыл], share [шеы], private [прайвіт], academy [ы'кәдымій], sanatorium [сәны'то:риым].

Ал, латын тілінде қазақша «а» дыбыстас: sanatorium [санаториұм], төбесіне сызықша (макрон) қойылса «Āā» созыңқы «а:» деп оқылады: māter [ма:тер].

Cc

Ағылшын тілінде «к» дыбыстас, бірақ, қасындағы әріптерге байланысты кейбір сөздерде «с» деп те оқылады: cat [кә:т], centre [сенты:], circus [сүө:кыс], Caesar [Си:зы']  (ешқайжерде «ц» деп оқылмайды!).

Ал, латын тілінде, ежелгі заманда, сөзге байланысты «к» немесе «г» деп оқылған. Кейінірек, кейбір сөздерден шатыс туғасын, әліппеге «Gg» әрпін қосқан. Содан бері өзгеріссіз «к» деп оқылып келе жатыр. Оқылғанда, «кы» деген сияқты жуандалып қатаң оқылады, ешқайжерде «с,ц» деп оқылмайды:
circus [кіркұс] (гректің «киркос» «шеңбер» сөзінен шыққан),  
Caesar [Кайсар]  (ағылшын тілі ережесімен «Си:зы» деп, одан орысшаға «Цезарь» деп, бізде де солай айтылып жүр. Дұрыс аталуы «Кайсар», ежелгі Римде (Рұм) латын тілінде сөйлеген).

Gg

Ағылшын тілінде «г» дыбыстас, бірақ, қасындағы әріптерге байланысты кейбір сөздерде «дж, ж» деп те оқылады: gas [гә:с], general [дженырыл], garage [гәра:ж].

Ал, латын тілінде барлық сөзде «г» деп оқылады: gero [геро].

Hh

Ағылшын тілінде «һ» дыбыстас, араб әліппесіндегі «ه» «һә» сияқты іштен жылы деппен дыбысталады. Қырау басып қалған әйнекті үрлеген кезде шығатын дыбысқа ұқсас. Немесе, тоңған қолды, алақанды жылыту үшін жылы леппен үрлеген кездегі дыбысқа ұқсас. Түрік тіліндегі «Hh» әрпі де осылай естілер-естілмес дыбысталады.

Мысалы, «Allah» есімін «Аллах» деп оқу қате! Қазақ тіліндегідей «Алла~» деп, соңғы әріпті екпінмен дыбыстап, тамақтың бойымен жүректің тұсынан жылы леп шығарған дұрыс.

Ал, «х» деп дыбыстау үшін, ағылшын тілінде «kh» қос әрпі қолданылады.

Латын тілінде де осындай, «һ» дыбыстас. Латын тілінде «х» деп дыбыстау үшін «ch» қос әрпі қолданылады: chrom [хром].

Ii

Ағылшын тілінде «и» дыбыстас, бірақ, қасындағы әріптерге байланысты кейбір сөздерде «ай,і,ы,й,үө,ә» деп те оқылады: time [тайм], finger [фиңгы], internet [инты'нет], bird [бүөд], mission [мишын], him [һім], sit [сіт], sing [сің], timbre [тәмбы], senior [синйы], possible [пасыбыл].

 Ал, латын тілінде қазақша «і» дыбыстас, «і» болып оқылады, ал, кейде дауысты әріптер қасында қысқа «й» болып оқылады. Төбесіне сызықша қойылса «Īī» созыңқы «и» болып дыбысталады. Мысалы: ignis [ігніс], iam [йам], peior [пейор], imperātor [імпера:тор], īnfrā [инфра:], īnsula [инсұла].

Jj

Ағылшын тілінде «дж» болып оқылады: join [джойн].

Ал, латын тілінде «й» болып дыбысталады. Ежелде латын әліппесінде бұл әріп болмаған. Жоғарыда айтып кеткен, кейбір дауысты дыбыс қасында дыбысталатын қысқа «Іі» (й) дыбысын бөлек белгілеу үшін кейінірек ұқсатып «Jj» әрпін әліппеге қосқан. Мысалы, ежелгі латынша «iuno» [йұно] сөзі кейінірек «juno» [йұно] деп жазылатын болды.

Oo

Ағылшын тілінде «о» дыбыстас, бірақ, қасындағы әріптерге байланысты кейбір сөздерде «а,а,у,ұ,үө,уа» деп те оқылады: one [уан], Monday [мандей], work [уө:к], on [ан], blog [благ], phone [фыұн], cool [ку:л], foot [фұт].

а» деп белгіленген дыбыс, ерінді «о» деп айтқанға келтіріп «а» деп дыбыстау, орысша «Оксана» есіміндегі «о» әрпін дыбыстағандай)

Латын тілінде бұл әріп «а» дыбыстас оқылады, ал, төбесіне сызықша қойылса «Ōō» қазақшадағыдай «о» деп оқылады: Pompeius [пампейұс], pōmpa [помпа].

Vu

Бұл латын әрпі, қазақша «Ұ» дыбыстас, ал, дауысты әріптер қасында дауыссыз «У» болып оқылады:
cavus [кауұс] – мағынасы «құуыс»,
«Venī, Vīdī, Vīcī» [Уени, уиди, уики] - «келдім, көрдім, жеңдім». (Латын тілінде «в» дыбысы болмаған! )
Ал, «Ūū» деп сызықша қойылып жазылса, созыңқы дауысты «у» болып оқылады: mūscus [му:скұс], plūs [плу:с].

Ағылшын әліппесіне осы «Vu» әрібін екіге бөліп алады, бас әрпін «в» деп, кіші әрпін дауысты «у» деп: vest [вест]. Ағылшын тілінде «U» әрпі көбінесе «йу» деп дыбысталады, кейде «а,ұ,е,ы» болып оқылады: union [йу:нійын], Bush [Бұш], but [бат], autumn [а:тым], bury [бе'ри], sugar [шұгы], flute [флу:т], suite [суи:т].

Ағылшын әліппесінде, дауыссыз «у» дыбысы ретінде қосарланған «V» деп «W» (дабыл йу) әрпін әліппеге қосады:  wagon [уәгын], whats app [уатс әп], west [уест]

(ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де ағылшынның «W» әрпі дауыссыз «У» болып дыбысталады, «в» деп оқу қате! Орыс тілінде дауыссыз «у» дыбысы болмағасын олар жуықтап «в» деп оқиды).

Yy

Ағылшын тілінде қысқа «й» болып дыбысталады, кей сөздерде «ай,и» деп те оқылады: you [йу], my [май], busy [бізи].

Латын әліппесінде бұл әріп «й-грек» деп аталады. Ежелгі латын әліппесінде бұл әріп болмаған, аты айтып тұрғандай, гректің «Ү» (үйпсилион) әрпін латын әліппесіне қосқан. Бұл әріптің оқылуы «үй» деген дыбысқа ұқсас (французша «u» дыбыстас). Төбесіне сызықша қойылып жазылса «Ȳȳ» қазақшадағыдай «ү» деп дыбысталады: tyran [түран].

286 1
Рейтинг: +0

Автор: Beck
Жазылған уақыты: 11 қаңтар, 12:55
Тегтер: латын, ағылшын, әліппе, әліпби
Пікірлер
+0
11 қаңтар, 18:26

ОЙЛАП ТӨЛЕГЕНДІ.
МЕН Төлегенді көрдім,
Жастық шақ жігіт кезім.
Ойласам сол бір кезді
Толқиды сана сезім .

Отырмын ойлап бүгін.,
Ысырып ауыр жүгін..
Тастадым елестетіп
Арқалал өткен күнін.

Келіппін сексен жасқа ,
Жүрмеппін бостан босқа.
Айтатын арманым көп
Айтамын қандай досқа .

Бүгінде достың бәрі,
Қартайған шалдың нәрі .
Қалмады нағыз достар
Жоқ болды одан әрі.

Қараймын,іздеймін мен,
Толғанам өткен күннен.
Бір елес болдыма деп
Ойланам Төлегеннен . .

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...