Презентациялық диск пен имидждік альбом дайындалды

Презентациялық диск пен имидждік альбом дайындалды
жеке
блог

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігі "Халықтың арасында ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру " атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобаның жұмыс жоспарына сәйкес ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы презентациялық диск пен имидждік альбом дайындалып, шығарылды. Альбом мен дискке ішінде 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рмәміздерінің 25 жылдығы аясында Маңғыстау облысы аумағында ұйымдастырылып, өткізілген мерекелік шаралардың фото мен видеолары салынды. Арнайы дайындалған альбом мен диск барлық қала, аудандарға тапсырылды.