"ONTOI" ЖҰЛДЫЗДАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.
жеке
блог

"ONTOI" ЖҰЛДЫЗДАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

"Нұр Отан" партиясы ОҚО филиалы, "NAR.TV"  телеарнасы, "Шымкентфильм" студиясы бірлесіп ұйымдастырған "ONtoi жұлдыздары" байқауы қорытындыланды. 
Шараға "Нұр Отан" Партиясының ОҚО Филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, "NAR.TV" телеарнасының директоры Ерсұлтан Əмірбек, ОҚО Мəдениет басқармасының мəдениет жəне өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Берік Жорабеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков пен "Арыс" емдік-сауықтыру шипажайының басшылығы жəне  бұқаралық ақпарат құралдары мен байқау жеңімпаздары қатысты.
Еліміздегі той мəдениетін арттыру, салт-дəстүрдің насихатталуы мен ұмыт болған дəстүрлерді жаңғыртуға пікір қосу, келеңсіздіктердің алдын-алу жəне дəстүрімізге жат əдет-қылықты болдырмау мəселелеріне облысымыз тарапынан үн қосу мақсатында ұйымдастырылған байқауда терең ой, келелі пікірімен "Алтын алқа" баспасының директоры Əсет Əссанди бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынмен "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық саяси газетінің тілшісі Лаура Тастанбек,
екінші орынмен Отырар ауданының мадениет жəне тілдерді бөлімі,
"Дөңгеленген дүние" облыстық газетінің тілшісі Əсел Ережепова,
үшінші  орынмен блогерлер Ержан Тəліп жəне  Дастан Баширов,
"Темірқазық Ой" газетінің басшысы Анар Сүлеева, "Əжір" Республикалық балалар
 
журналының редакторы Мақпал Сауранбекова, блогер Салтанат Сарман марапатталса, "Төлеби туы" аудандық газетінің тілшісі Дина Хангелдина жəне Несібелі Иманқұлова,  Хамит Мутəлиев, Айгерім Айтаxанова  облыстық мəдениет басқармасы, облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы мен "Мелодия" продюсерлік орталығы, "Алтын алқа" баспасы мен ""Didarbek.kz" ақпараттық сайты, "Арыс" емдік-сауықтыру шипажайы, "Алпамыс батыр" қоғамдық қорының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.