ЖАҢА ЖЫЛ БАСЫНДА ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ ҚОРЫ 300 ҚҰНДЫ КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ.

ЖАҢА ЖЫЛ БАСЫНДА ҚОРЫҚ-МУЗЕЙ ҚОРЫ 300 ҚҰНДЫ КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ.
жеке
блог

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дəстүрлі «Музейге сый» акциясы бастау алды. Осы орайда, белгілі ғалым, «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесін ұзақ жыл бойы басқарған білікті басшы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жеке кітап қорындағы 300-ге жуық тарихи-танымдық баспаларын «Әзірет Сұлтан» музейіне табыстады.

Олардың ішінде Әмір Темірдің өмірбаяны жайлы сирек кездестін Шарафиддин Али Яздийдің «Зафарнома» кітабы, 4 томдық «История Казахстана в западных источниках ХІІ-ХХ вв.», 2 томдық «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері», «Средняя Азия и восточный Туркестан» сынды құнды кітаптар бар. 

Қазіргі күнде «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі кітапханасында 7000-ға жуық кітап қоры бар. Тарих пен сыр тұнған танымды дүниелерді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, өткенді ұғынып қажет ақпаратпен сусындау, болашаққа аманат мақсатында кітаптар көрмесі де жиі ұйымдастырылуда.