Ай гоу ту скул немесе Америкадағы қазақша бизнес

Ай гоу ту скул немесе Америкадағы қазақша бизнес
жеке
блог

28 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски в Америке» фильмінің көрсетілімі басталады. Бұл өткен жылы шыққан «Бизнес по-казахски» фильмінің жалғасы.

Оқиға желісі бойынша қонақүй иесі Жомарт өз ісін жалғастырып, халықаралық статус пен 5 жұлдызды қонақүй атағын алуды мақсат етеді. Ол үшін қонақүйге Америкадан жасырын түрде сарапшы келіп, қонақүйдің қызметін бағалау керек. Құпия қонақтың келуін барлық қызметкерлерін біледі және оған дайын болады. Тек күзетші Еркош хабарсыз. Ол келген қонаққа дөрекілік танытады. Ал қонақ болса, еліне қайтады. Бұл жағдайды білген Жомарт Ален мен Еркошты алып Америкаға жолға шығады. Басты мақсат құпия қонаққа жолығып, кешірім сұрап, халықаралық статусқа ие болу. Америкаға келген бойда бұл үшеуінің сапары қызыққа толы болады. Ағылшынша тек «I go to school» деп айта алатын Еркош алып қалада адасып қалады. Ал Жомарт пен Ален Америкадағы қазақтардың көмегімен оны тауып алады.

«Sulpak Cinema» компаниясы мен «Cinemax» кинотеатрлар желісінің ұйымдастыруы бойынша жаңа фильмнің алдын ала көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильмнің алғашқы минуттарынан бастап күлкіге бөлінесің.

"Cinemax (Dostyk Plaza) Dolby Atmos 3D"залында өткен көрсетілімге келген қонақтардың барлығы комедиясоңында ұзақ қол шапалақтады.

Көрсетілімнен кейін БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференцияда түсірілім тобы жаңа фильм жайлы қызықты мәліметтерімен бөлісті.

  • Америка да түсірілім жұмыстары 20 күнге созылды

  • Фильмге түскен американдық актерлер қазақша үйренді

  • Бюджеті 400-450 мың АҚШ долларыy құрады

  • Ален рөлін сомдаған Жан Байжанбаевтың күнге аллергиясы бар екен. Ыстық күндері біраз қиналған екен

  • Шағын ғана эпизодтағы полиция рөлін сомдаған Димаш деген азамат расымен де Нью-Йорк қаласында полиция қызметкері екен


Фильм нағыз отбасылық комедия. Кішкентай баладан бастап, қарт кісіге дейін көруге болатын кино. Ұяттан безіп, көзді жұмып, құлақты жабатын сәттер жоқ. Өте сапалы, қызықты кино. Менің ойымша, алғашқы фильмнен гөрі екінші фильм қызықты шыққан. Барлықтарыңызға киносын көруге кеңес беремін!