Аренадағы жаңа жыл ғажайыптары

Аренадағы жаңа жыл ғажайыптары
жеке
блог

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақ мемлекеттік циркінің аренасында «Цирктегі жаңа жыл ғажайыптары» бағдарламасы ел назарына ұсынылды. Қойылым 2018 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

Жаңа бағдарламада көзіміз үйренген ертегі кейіпкерлері жоқ. Барлығы да жаңа кейіпкерлер. Барлығы да соңғы кездері шыққан мультфильмдердің кейіпкерлері: алып трансформерлер, Моана, Пинки Пай мен Радуга. Жаңа жыл мерекесінің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар және Аққала мен оның достары.

Қойылымда Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері мен кішкентай балалар өнер көрсетеді. Ең үлкен әртіс 66 жаста, ал ең кішкентай әртістің жасы 6-да. Ол Алия Әуелбек. Ол Моананың сахнасында өнер көрсетеді. Оның ата-анасы Талғат пен Индира Оңалбаевтар цирк әртістері.

Қойылымда үйретілген жануарлар да бар. Мысалы, аюлар, иттер, понилер, жылқылар, түйелер қатысады. Жаңа жылдық шоуда фантастикалық лазерлі шоу, кәсіби сахналық жарық пен дыбыс, LED экрандағы түрлендірге бейнелер қамтамасыздандырылған.