Мерекелердің мерекесі немесе Хэллуинге балама

Мерекелердің мерекесі немесе Хэллуинге балама
жеке
блог

Жақында  «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның мұрындық болуымен ерекше мереке өткен болатын. 

 
Елімізде агротуризмді дамытуға күш салып жүрген жоба авторы  «Асқабақ» мерекесіне зия­лы қауым өкілдері, өсімдіктерді қорғау са­ла­­сы­ның мамандары мен баспасөз өкілдерін шақырған екен. сонымен қатар, мұндай тағылымды шараға тәжірибе ретінде Қазақ ұлттық аг­рар­лық университетінің студенттері де қатысып, өзіндік ойларын жеткізді.

Күз келіп, егін жиналып, ел дамыл тап­қанда өткізуге болатын бұл мерекенің ең басты мақсаты тек ішіп-жеу емес. Денсаулыққа пайдалы тамақтану мәдениетін насихаттау.

Асқабақ – нағыз қазақтың еге­тін дақылы. Көп күтім талғамайды. Ұзақ сақ­­тауға болады, дейді айдалаға ағып жат­қан арықтарды туған жері Ал­маты облысы, Кербұлақ ауданының Бас­ши, Нұрым, Аралтөбе ауылдарына бұ­рып әке­ліп, талай гектар жерді баққа айнал­дыр­ған Гөзел апамыз.

Расымен де,  «Асқабақ» мерекесінің тағылымдық тұстары көп болды. Біздің бір ғана асқабақтан сан түрлі, дәмі тіл үйірер әрі пайдалы ас дайындауға болатынына көзіміз анық жетті. Өте дәмді әрі  пайдалы. Мұндай табиғи таза және бағалы тағамды "Тілектас" мейрамханасынан ғана табуға болады. 

Тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды. Мереке аясында шағын көрме ұйым­дас­тырылып, «Жасыл белдеу» атты де­рек­­ті фильм көрсетілді.

Асқабақтың пай­­да­сы, жылыжай бизнесімен айна­лы­судың жай-жапсары жайлы кішігірім дә­ріс өткізілді. Дастарқанға қойылған еш­кі сүтінен жасалған азық-түліктердің ере­сен пайдасы туралы әңгімелер де шараның ең тұщымды сәттерінің біріне айналды.

Гөзел Құлжабаеваның демеушілі­гі­мен бұған дейін де гүлстандықтар Алма­ты облысында 2011 жылы 2 гектар жерге қарағайлы бақ, 7 гектар жерге Көктерек бағы, 2013 жылы Халық әр­тісі Нұрғали Нүсіп­жановтың құр­метіне 5 гек­тар алма бағы, 2015 жы­лы 10 гектар аумақ­қа «Ба­тыр аналар» сая­бағы, биыл «Әуезов ба­ғы» бой көтерген болатын. Қандай керемет! 

Бұл кәдімгі асқабақтың дәні. Бірақ, бұл жай ғана дән емес. Адам денсаулыған өте пайдалы және көптеген ауруға мың да бір ем.

Шыны керек, сол күнгі шара жайында, "Гүлстан" ұжымы атқарып жүрген жұмыс туралы бір ғана постпен жазу мүмкін емес. Себебі, бұл кісілердің жұмысы өте көп, шексіз. Алдағы уақытта, мен сіздермен, біртіндеп пост жазып отырамын деп шетім. Өйткені, Гөзел апай бастап, Батима апай қостап жүрген шаруаның көтерер жүгі ауыр және жауапкершілігі мол іс екені анық.

Сөз соңында, Гөзел апайға осындай тағылымды шараны өткізіп, бәріміздің басымызды қосқаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Сонымен қатар, ол кісінің идеясын қолдау мақсатында, батыстың қаңсығын таңсық көріп жүргендерге оның біздің ұлтымызға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын төмендегі фактілер арқылы жеткізсем. Сонымен:

Біріншіден, Хэллоуин – мұсылмандардың емес, пұтқа табынушылардың әруақтарды шақыратын мерекесі.

Екіншіден, мұсылман халқы қайтыс болған кісіге құрмет көрсетеді, артынан жаман сөз айтпайды, Құран оқиды. Ал бұл мереке өлі аруақтарды қорлап, оларды шақырып, мазаққа айналдырады.

Үшіншіден, дінімізде ақыл-есі бүтін адамдардың өзін «жындыдай» ұстауы дұрыс емес. Хэллоуин болса, жын-шайтандардың, мыстандардың мерекесі іспетті.

Төртіншіден, сансыз асқабақ пен костюмдерге, бояуларға ақша жұмсау – ысырапшылдық.

Бесіншіден, бұл мерекеден мұсылмандар тұрмақ, «дінімізге қайшы келеді» деп көптеген христиандар да бас тартқан.