Кореялық SHINee тобының мембері дүниеден өтті.

Кореялық SHINee тобының мембері дүниеден өтті.
жеке
блог

Әдеттегідей таң атпастан екі көзім телефонда. Инстаграмм сол баяғы. Бір кезде қара рамкамен қоршалған әп-әдемі кәріс жігітінің суретін көзім шалды. Өзімнің кәрістерге деген қызығушылығымның жоқтығынан болар олардың атын атап, түсін түстей алмаймын, барлығы бірдей көрінеді маған, ақыры актер не қазақ қыздарымыздың кейбіреулері қырылып тыңдайтын белгілі бір топтың солисті болар деп топшыладым. Негізі мен атағы аспанға жетіп, тұтас жарты құрлықтан жанкүйерлері бар біреу дүниеден өтіпті деген кезде тек көз алдыма Голливуд пен Боливуд жұлдыздарын елестететінмін. Кәрістерде де солардан артық түспесе кем түспейтін әртістердін барын білсем де солардың біреуі жарық дүниемен қош айтысыпты дегенді естігенім бүгін болды. Әрбір таңқаларлық оқиға болғанда немесе шокқа қалтырарлықтай жаңалық естігенде барлығында да еш ойланусыз қалдыратын пікірі болады. Менің сол сәттегі алғашқы сөзім «Осы кәрістерден де біреу өледі екен ғой» сосын жай ғана күлкі. Осы кезде мен барша адамның бірдей екенін, Алланың барлығына да көзі түзу екенін ұмыта сөйледім білем және соныма өкіндім де. Сөйтіп қызығушылықпен келбетті, жас жігіттің нендей дерттен қайтыс болғанын білу үшін барлық кәріс жұлдыздарының атын жатқа білетінімен ғана қоймай биографиясын өз тарихындай тақылдатып айтып бере алатын k-pop-ерша құрбыма жаздым. Ол оның атақты Шайни (SHINee) тобының мембері Джонхен екенін, кеше дүниеден өткенін айтты. Бір қызық болғаны мен ойлағандай ешқайдай індет болмапты оның бойында. Қайткенмен атақты адам ғой ажалы біреуден болған шығар деп те ойладым, алайда... Алайда бұлай болуын ол өзі қалапты. Суицид. 27жастағы, өмірде көргенінен көрмегені көп Джонхеннің өзін аяусыз түрде улы газға тұншықтыруынын себебі неде? Себебін өзі жазып қалдырыпты, тегі өлімімнін не себепті болғанын қазбалап полицейлер мазаламаса екен деген болар.

 

"Я сломлен изнутри. Депрессия, которая медленно съедала меня, в итоге поглотила меня всего. И я не смог её победить. Я ненавидел самого себя. Я искал ответы, хватаясь за свои воспоминания, пытался разобраться со своими, беспорядочными мыслями, я кричал, бился в истерике, но так и не смог ничего сделать. Если я не могу помочь сам себе дышать свободно, то лучше вообще не дышать. Я спрашивал у себя, кто же ответственен за мою жизнь? Только я. Но я совершенно одинок. Говорить о конце так просто, но сделать оказалось труднее. Я жил до этого момента, только потому ,что на это было так трудно решиться. Я говорил сам себе, что хочу убежать от этого всего. Да, я хочу убежать. От самого себя. От вас. Я задавался вопросом, а кто там, кто и от чего я хочу так убежать? И это был я сам. Снова я. Я спрашивал себя, почему я продолжаю забывать все хорошие воспоминания. Это всё из-за моей сущности. Я понимаю. В конце концов это всё моя вина. Я так хотел, чтобы люди заметили мое состояние. Но никто, не едина душа так и не поняла. Хотя, они ведь меня никогда не встречали, они не знали меня, так что это неудивительно, что они не знали о моей жизни, о том кто я, и что есть я, который существует вот таким образом. Я задавался вопросом, а почему они все живут, почему живу я? Ответ был проще некуда: они просто живут. Живут потому, что так принято. А когда задумался, почему тогда умирают люди? Ответ был еще проще. Они просто устают. И если вы спросите, почему я умер, я отвечу вам, потому что я устал.Я страдал и продолжал все обдумывать. Я никогда не знал, как превратить эту изматывающую боль в радость.

 

Но ведь боль есть боль.

 

Они говорили не делать этого, пытались заставить одуматься, говорили не накручивать себя. Почему они упорно искали какую-то болезнь у меня? Зачем это всё? Почему я просто не могу покончить с этим, если я так этого хочу? Они говорили мне понять смысл моей боли. Но я и так прекрасно знаю. Мне больно из-за себя самого. Это всё моя вина, это все потому что я неполноценный, бесполезный. Доктор, вы же это хотели услышать, да?

 

Нет, я все сделал правильно.

 

Когда мягкий голос обвинял лишь мой характер, я только думал, "как чертовски оказывается легко быть доктором."

 

Так странно болит там, внутри. Люди, которым было сложнее, чем мне, живут счастливо. Люди,

которые были слабее меня, живут счастливо. Не знаю, может это все чушь. Нет ни одной живой души, которой было бы хуже чем мне, нет никого, кто был бы слабее меня.

 

Но я все равно должен жить? Я спрашивал себя тысячи раз, почему же я должен? И ответ был, не потому что я так хочу, ответ - потому что этого хотите вы. Ничего не говорите, если вы не в состоянии понять. Знаете, почему мне так плохо? А я ведь говорил почему. Это так не правильно, страдать из-за этой боли, но какие причины вам еще нужны? Какие-то особенные? Я уже говорил вам. А слушали ли вы? То, что вы можете преодолеть не сможет истерзать вашу жизнь.

 

Но мою рану никакое "время не вылечит". Потому что эта боль непреодолима. Кажется, моя жизнь не для этого мира. Видимо, мир не должен был узнавать обо мне.

 

Всё было сложным. Вечная борьба за признание, слишком сильный интерес к моей личной жизни... И почему я выбрал этот путь? Забавно. Жизнь знаменитости тоже никогда ничего не значила для меня. И вот вам все причины моей боли. Причина в том, что я знаменит. Я достаточно настрадался.

 

Даже удивительно, что я смог так долго продержаться. Что я могу сказать теперь? Просто скажите мне, что я все сделал правильно. Этого будет достаточно. Просто скажите "ты усердно трудился". И если вы не можете улыбаться сейчас, не обвиняйте меня ни в чем. Скажите мне на прощание "ты сделал всё правильно, ты через многое прошёл".

 

Прощайте."

 

Хатында жазып қалдырғанындай оған өнер жолында жүру қиың болған. Продюсерлердің осындай топтарға қоятын, үлкендер аса біле қоймағанмен, қазірде сол кәріс топтарының бағытында елімізде пайда болған жас топ 91-дің фанаттары ретінде біздей жасөспірімдер өте жақсы хабардармыз бұндайлардан. Олардың өнерлері өздеріне үлкен атақ-данқ, байлық сыйлағанымен шынымен де өлімге әкелерліктей шектеулер қоятыны нағыз айуандықпен тең. Сол үшін бұндай жолға түсерде әлем жұлдыздары жақсылап ойланады, қыздармен жүрмеу, үйленбеу, елдің көзіне түспеу, көпшілік ортаға шықпау, отбасынмен жылына 1рет қана кездесу, күніне 20сағат студияда жұмыс жасау сынды қатаң талаптарға көндіге ала ма жоқ па соны біледі, себебі қазір күліп жүрген сүйікті кумирлеріңіздің ертең Джонхеннің кебін кимесіне кім кепіл.

 

Миллиондаған фанаттары болса да ол өзін жалғыз сезінді. Неге? Себебі оның тәні емес жаны көпшіліктен онашаланып қалды. Өз-өзінді ғаламда жалғыз қалғандай сезінетін, ешкім күйінді түсінбейтіндей кездер барлығынын басынан өткен болар, алайда Құдайдың Джонхенге берген қиыңдығы сол, оның бұл күйі тым ұзаққа созылып кетті. Жарайды өтіп кетеді ғой дейтіндей бір ай емес, екі ай емес, бірнеше жылдар. Сол уақыттар бойы ол өз ішіндегі ірінді сыртқа шығара алмай барлығын тек күлімдеген көздерінің астына жасырып келді. Халық көп жиналған концерттерінің бірінде микрофонды қолына ұстап тұрып «Мен жалғызбын, маған ауыр. Мені құтқарындаршы» деп айқай салуына да болар еді, бірақ ол тек барлығын мұңлы түрде жазылған әндерімен жеткізуді жөн көрді, себебі ашық айтса ешкім түсінбейді деп ойлаған болар.

 

Оның осындай қателікке баруына әсер еткен үлкен фактор ретінде мен топтағы жағдайды атап өтер едім. Себебі ол өзінің хатында бұндай өмірден шаршағаның айтады. Бұндай өмір, яғни танымалдылық, атақ-даңқ. Бәлкім ол топтан кетсе, барлығы бұлай болмас еді, ол аман қалуы мүмкін еді. Бірақ, олай ете алмады. «Джонхен сен неткен қорқақ адам едің а? Неліктен өзінді өлтіруге жұмсаған батылдығынды, топтан кетуге жұмсамадың екен. Алайда жүрегін сүйетін өнерден бас тартуынның өзі сен үшін өліммен тең болар еді ғой, иә?» Оның үстіне топты тастап кетсе бұл тек қара басының қамын ойлаушылық болып есептелер еді, өзге мемберлер үшін, тұтас компания үшін фанаттарыдың шабуылын қарсы алу да оңай болмас еді. Бір Джонхен үшін бүтін Шайниді құрдымға кетіру Суперменнің де қолынан келмес еді.

 

Жарайды фанаттарын қойшы, оның айналасындағы достары, туыстары қалайша байқамады жанында жүрген адамның жанарында жасырынып жатқан мұңды. Әлде өлімге дейін әкелген күйзелісті тірі жанға білдіртпейтіндей Джонхен соншалықты құпия адам ба еді? Тағы бір «әттең-ай» дейтін жағдай. Оның соңғы хатын алдын-ала қалдырып кеткен қыз барлығын да

білген, өмірмен қоштаса жазған сөздерін оны құтқарып қалуға мүмкіндік бардай уақыт бұрын оқыған, алайда ештеңе жасамаған. Осылай жасайтындай, өліміннен ешкім құтқарып қалуға тырыспайтындай Джонхен сен соншалықты жаман адам ба едің? Жаман емессін деп ойлаймын, себебі Құдайға да жақсы керек.

 

«Иә, мен сені білмеймін. Бүкіл әлем, онымен қоса біздің тұтас Қазақстан да білетін сені мен енді ғана біліп тұрмын. Сен Ұлысын, сенің өнерін – ұлы. Сонымен қатар сен ақымақсын, кешір, бірақ, иа сен ақымақсын. Неге бұлай жасадың, өзін үшін ғана шешім қабылдағанда өзгелерді неге ойламадың? Фанаттарың үшін топты тастап кетудің дұрыс еместігін білгенде, өмірді тастап кетудің бұрыстығын неге білмедің? Компанияны тастап кетуін өзімшілдік болар еді, алайда өмірді тастап кеткенін де өзімшілдік болды. Өнер адамының барлығы ылғи ауыспалы көңіл-күйде, психикалық ауытқушылықта жүреді ғой неге сен де өзінді олардай құтқара алмадың? Эй Джонхен оян, тұр! Менің осы сұрақтарыма жауап қатпай өлуіне, соншама фанаттарынды жылатып қалдырып кетуге сенің хақың жоқ. Тұршы өтінемін, бұнын барлығы тек шоу үшін болған деші. Мен сенің өнерінді енді-енді танып келе жатқанда өліп қалғанын әділетсіздік қой. Өтінем оян!»

 

Сонымен түйін: басында күліп кейін өкіріп жылауыма себеп болған оқиға. Оның хатын оқығанда денемнен құмырсқалар жүріп өткендей сезімде болым. Менің және өзге де қарапайым фанаттардың ұққаны өз кумирларына деген сыйластықты сақтай білу, оларға «ән қайда, альбом қайда, клип қайда?» деп талап қоймастан бұрын, оларды өнер адамы, яғни халыққа қызмет көрсету керек деп қыспаққа алмас бұрын олардың да етпен сүйектен жаратылған, дәл өзіміздей пенде екенін ұмытпайық. Өнерде жүргендер ылғи да бетпердемен жүруге мәжбүр, себебі олардың проблемалары халыққа жетпеуі керек. Жеткізбеуге міңдетті. Сол бетпердеге тұншыққан тағы бір жұлдыз ағып түсті кеше. Алла оны бұнын барлығынан бас тарту үшін күллі адамзатқа қате болып көрінетін жолды – өз-өзіне қол жұмсауды ұсынды. Ақыры ол өзгелер үшін қате болса да, өзі үшін дұрыс, өзгелерге ауырлық сыйласа да, өзіне ақыр соңында жеңілдік сыйлайтын шешімді қабылдады.

 

Тағы бір түйін: ауқатты болсаңыз да, атақты болсаңыз да  өлімнен қашып құтыла алмайсыз. Байдың да, сіңірі шыққан кедейдің де барар жері бір. Бұған үлкен мысалды жаңа ғана жаздым. Джонхенді атағы да, ақшасы да, өнері де, жанкүйерлері де құтқара алмады, бәлкім бұл әділетсіздік болар, алайда бұл өмірдің заңы.

 

PS: «Қанша адам болса, сонша пікір бар» демекші кейбіреуіміз қайғырып жатсақ, кейбіреулер «ай даладағы танып білмейтін кәріс үшін жылап не болды» дейді. Джонхенмен бүгін ғана таңысқан менің жылағаным түк емес, оның өнеріне жылдар бойы бас иіп, кумирларына балап жүрген нағыз фанаттары үшін бұл үлкен соққы. Ойлап қараныздаршы олар үшін енді бағыт берер, үлгі етер адамдары Жер бетінен жоғалды. Менің де, сіздердің де кумирларыңыз бар, сол үшін «шаштарын қызылды-жасылды бояп, қызтекелерге айналғандар көзден жас тамшылатуға да тұрмайды» деген ойларыңызды тап бүгін қоя тұрсаныздар. Себебі біреудің таңдауына қарсы келер хақымыз жоқ. Джонхеннің өнеріне және өзіне табынушы барша адамның қайғысына ортақпын...