жеке
блог

Болашаққа нық қадам.

Таяуарада Семей қаласының жастар мәслихатының депутаты -Досмухамбетова Еркежан Бақытжанқызы  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің "Әуезов арнасының" студенттерімен "Болашаққа нық қадам" атты тренинг өткізді. Бұндағы басты мақсаты: Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын алға қоя отырып , ұлттық кодымызды сақтау арқылы студенттерді заманның талабына сай жаңашылдыққа, білімділікке, мақсатты, бағдарлы өмір сүруге бағыттау болды. Тренинг барысында бірнеше бағыттар қаралып өтті:

ü Ұлттық құндылықтарды көтеру;

ü Қоғамдық ой тудыру;

ü Имидж қалыптастыру;

ü Мақала  жазу  стилі;

ü БАҚ - саласының мән - жайы;

Осы бағыттарға байланысты әр түрлі жағдаяттарды шешу арқылы қызу пікір-талас болды. Бұдан бөлек өмірлік мақсаттарға байланысты көптеген кеңестер берілді. Осы тұста тренингке қатысқан 1-курс студенті Мұсабек Аяулым Асхатқызының сұхбатына тоқталсақ:

С:- Аяулым, қайырлы күн! Сізге осы тренинг сізге  қалай әсер етті?

Ж:- Қайырлы күн! Мен тренингтен ерекше әсер алдым. СебебіЖ Еркежан тек журналистикаға ғана қатысты нәрсе емес, өмірге қатысты көп нәрсені үйретті. Әр айтқан сөзіне өмірден алынған мысалдармен түсіндірді.

С:- Жақсы, ал осыдан сіз не үйрендіңіз?

Ж:- Мен, журналистикаға байланысты көптеген мәліметтермен қатар мақсат қою  мен оған жетудің жолдарын үйрендім.

С:-Сұхбаттасқаныңызға  көп рақмет!

 Осындай жаста білімді депутаттардың арқасында біраз нәрсені үйреніп, үлгі алып жүрміз. Еркежан Досмухамбетова тәрізді жас депутаттардың қатарының көбейгенін, олардың жақсы жұмыс жасауына жағдайдың жасалғанын қалаймыз. Жігерлі жандармен бірге жігерленіп өмір сүрсек Елбасымыз айтқандай еліміздің еңсесін көтеруге өз ықпалымызды тигізер едік.

                                                    Автор:                                М.О.Әуезов атындағы

                                                                                    педагогикалық   колледжінің  

                                                                                    2-курс    студенті  Абраева

                                                                                    Ақбота.     

Жұлдызды блогтар