Баламен қыдырудың тиімді тұстары немесе көңілді демалыс мекені
жеке
блог

Баламен қыдырудың тиімді тұстары немесе көңілді демалыс мекені

Қазір бәрінде уақыт тығыз. Үйден-жұмысқа, жұмыстан үйге қарай асығып жатамыз. Себеп, үлгеру керек. Бірақ, осы екі оараоықта жүргенде үйдегі баламыздың уақыты қалай өтіп жатыр екен деген сұрақ көпшілілігімізді мазалайтыны анық.

Шыны керек, біз үйден шығып, адамдармен араласқан соң қоғаммен байланыс бар. ал, балада ше? сол балапандарға қызықты демалыс сыйлай алып жүрміз бе? 

Біздің отбасымызда әрбір жекебені балаға арнап салты қалыптасқан. Сол күнді біз тек балаға арнауға тырысамыз. Осы ретте, жақында біз өзіміздің отбасы үшін үлкен бір жаңалық аштық:)

"Глобус" сауда орталығының екінші қабатында орналасқан, "Baby_boom_globus" ойын орталығына бардық. Бірінші рет барғандықтан болар, мен үшін өте қызықты болды:) Негізі, расымен де, бала үшін көңілді уақыт өткізуге таптырмас мекен.

Қызымыз аунап-қунап, асыр салып ойнап қайтты. Ал, біз өзімізге қажетті дүкендерді аралап, алаңсыз жүруге мүмкіндік алдық. Себебі, бала сенімді қолда. Гүлсім есімді аруға сол үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді:)

 

Сонымен қатар, осы орталықтың басшысына да жүрекжарды лебізімізді білдіре кетсек дейміз. Осындай балалар үшін тартымды да пайдалы орынды жүргізіп отырған сізге мың алғыс. Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!