Қазақ Ұлттық Университетінде тағылымы терең іс-шаралар өткізілуде

Қазақ Ұлттық Университетінде  тағылымы терең іс-шаралар өткізілуде
жеке
блог

   Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің 761 жетекші жоғары оқу орны арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша 448-орын, медициналық және жаратылыстану ғылымдары бойынша, сәйкесінше, 411 және 563-позицияларға ие болды. RUR рейтингі 6 пән саласы бойынша үздік университеттерді бағалау жүйесі ретінде құрылған: гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, қоғамдық, биологиялық және медициналық ғылымдар. RUR рейтингіне ЖОО мәліеттерін халықаралық Thomson Reuters компаниясы деректерді арнайы зерттеу -Global Instutional Profiles Project арқылы ұсынаы. Сауалнама жыл сайын жүргізіледі және әлем бойынша 850-ге жуық жетекші университеттерді қамтиды.

   Қазақстандық жоғары оқу орнының тағы бір танымал жаһандық "UI Green Metric Ranking of World Universities - 2017" рейтингіндегі көбасшылық орны нығая түсті. Аталған рейтингте 13 позицияға ілгерілеп, ҚазҰУ 186 -орынға көтерілді және әлемнің 200 топ "жасыл" университеті қатарына кірген қазақстандық жалғыз оқу орны болып қала береді. Бұған дейін Әл Фараби атындағы ҚазҰУ атақты "Great Value Colleges" халықаралық ұйымының зерттеулері нәтижесінде 31орынды иеленіп, әлемнің технологиялық жағынан ең дамыған 50 университетінің қатарына енген болатын. 

   Қазақ Ұлттық Университеті студенттеріне тоқталар болсам, университет жастары ел ішіндегі қоғамдық шараларға және де қалалық деңгейдегі қайырымдылық жұмыстарына белсене атсалысуда. Оның дәлелі ретінде, қараша айының 22 жұлдызында "Қазақстан тарихы археология және этнология" факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры т.ғ.к. Қозыбақова Фатима апайдың жетекшілігімен, "Филология және әлем тілдері" факультетінің Қазақ тілі дәне әдебиеті мамандығының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өткен "Желтоқсанда мұзда жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын" атты іс-шараны тілге тиек етсек болады. Аталған іс-шараға Қазақстан кафедрасының профссорлары: Қ.С.Қаражан, С. Смағұлов, Б.Сайлан және т.б. қатысып, жүректен шыққан ыстық ықыластарын білдіріп жатты. Студенттеріміз желтоқсн көтерілісіне қатысқан азаматтардың қандай мақсатпен алаңға шыққандығын, олардың алдыға қойған мақсат-міндеттері қандай болғандығын егжей тегжейіне дейін талдап, көпшілік қауымға осы мәселені түсіндіріп тарқатып берді.

   Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17-19 қараша аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

  Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Г.В.Кольбинді КҚОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

  Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 жылы жазда КОКП ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демокрияталаныруға серпін берді.

   Қорытындылай келе, тарихы терең қасіреті қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес, зарықтырып тиді. Көнекөз тарихқа көз жүгіртсек, бабалар арманы, батырлар қанымен келген тәуелсіздік Алла сыйлаған ұлы бақыт. Оның өлшемі де бағасы да жоқ. Осы жолда опат болған бағыландарымыздың бағысына жетсек қана тірлігіміздің баянды болары сөзсіз. Осы жолда талай бала жетімдік, талай ана жесірлік көргені баршаға аян. Нәтижесінде елді еркіндікке жеткізген ата-баба тілегін, еңбегін есте сақтап, жас ұрпаққа өнеге ете алсақ Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болары анық. 


                                      Фатима Ақынбайқызы Қозыбақова

                                               Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                     Тарих археология және этнология факультеті

           Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры т.ғ.к.

                                       Исламбек Ибраймов Бектемірұлы

                                               Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                            Филология және әлем тілдері факультеті

                                  Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы

                                                                  1-курс студенті