Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру кеңістігендегі орны
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру кеңістігендегі орны

ҚазҰУ – еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шет елден келген 20 мыңдай студент оқитын еліміздің ең ірі университеті. Мұндағы 14 факультетте 180 мамандық бойынша бакалавр, магистратура, докторантурада мамандар даярланып, онда мыңнан астам доктор мен ғылым кандидаты, профессорлар мен доценттер, 60-тан астам академиктер, 70-тен астам түрлі лауреат сыйлықтары бар жоғары білікті 2000 оқытушы 3 тілде дәріс оқиды.    

ҚазҰУ – ТМД елдері университеттері арасында Рио-де-Жанейрода  өткен БҰҰ-ның «Рио+20» тұрақты даму бойынша конференциясында жеке секциясын ашқан жалғыз университет. Университет қалашығы талапкерлерді өзіндік ерекшелігімен тартады. ҚазҰУ қалашығы көрікті мекен ғана емес, еліміздегі әлемдік деңгейдегі студенттік кампус. Оның аумағында мәдени маңыздағы – бірегей музей экспонаттары,  Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, ең ірі спорттық кешен мен стадион, студенттерге қызмет көрсету орталығы «Керемет» бой көтерген.  Бүгінгі таңда кітап қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен Әл Фараби кітапханасы  орналасқан.

Қазақстанның жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдік ЖОО-лармен халықаралық ынтымақтастықта үлкен тәжірибеге ие. Айта кетерлігі, өткен жылдан бастап ҚазҰУ-дың қолдауымен Пекин шет тілдер университетінде де қазақ тілі пәні жүргізіле бастады.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары нәтиже көрсетті,10 орыннан көрінген университет ТМУ (11 -орын), МФТИ (13-орын),Н.Э. Бауман атындағы ММТУ (20-орын) сияқты ресейлік танымал оқу орындарын басып озды. QS EECA (Emerging Europe & Central Asia – дамушы Еуропа мен Орталық Азия елдері) рейтингіне барлығы 22 елден 251 ЖОО-ы кірді. Олардың қатарында қазақстандық 19 жоғары оқу орны бар. Бірінші орынды М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті иеленді. Екінші орынды да Ресейдің Новосібір мемлекеттік университеті еншіледі. Көшбасшылар бестігіне эстондық Тарту университеті, чехтің Карлов университеті және ресейлік Санкт-Петербург мемлекеттік университеті енді. Рейтинг қортындысы 9 талап бойынша анықталды: олар ғылыми бедел (30%), жұмыс берушілер арасындағы бедел (20%), оқытушылар мен білім алушылардың ара салмағы (15%), шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі (2,5%), шетелдік студенттердің үлесі (2,5%), ОПҚ жарияланым белсенділігі (10%), мақалалардың ғылыми жарияланымы (5%), ғылыми дәрежелі қызметкерлердің үлесі (5%), ғаламтор ресурстардың тиімділігі (10%).

Жүйелі қайта құруды ойдағыдай жүзеге асырған ҚазҰУ әлемдік университет рейтингінде жыл сайын жоғары орынға нәтижелер көрсетуді. Білгілі QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 236-орынды иемденіп, ең үздік 250 университет қатарынан тағы да көрінді. Сөйтіп Орталық Азиядағы теңдессіз көшбасшы университет екендігін тағы да дәлелдеді. 

QS сарапшыларының айтуымен бүгінде ҚазҰУ-дың феноменалды жетістігі әлемнің үздік университеттері тарапынан зерттелуде. Бұл көрсеткіш университеттің әлемдегі білім және ғылым нарығында жоғары бәсекелестікке қабылетті екендігін дәлелдейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кезеңді күрделі құрылымдық жаңғырту жүргізіліп, нәтижелерге негізделген рейтингтік жетістіктерге баға беру, басқару және менеджмент жүйесіндегі процестерді басқару енгізілді.

Әлемнің жетекші университеттерінің мысалында ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және халықаралық аккредитациядан өткен білім беру бағдарламаларын әзірлеп енгізді. Мұндай нәтижелерге жетудің бір сыры, әлемдік үздік университеттер рейтингісіне Қазақстандық екі университеттің енуі туралы мақсатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы халыққа арнаған жолдауында айқындаған болатын. 

 

Әділет Қалыбеков, ҚазҰУ, Физика-техникалық факультетінің 1 курс магистранты.

Айжан Құйқабаева,  ҚазҰУ, Физика-техникалық факультетінің аға-оқытушысы, ДокторPhD.