Студенттерге қажетті әдіс-тәсілдер

Білім беру,оны студенттің ойына сіңіру қиынның қиыны. Мен өзіме міндеттіні ғана жасадым. Өз уақытымды өткіздім деу дұрыс емес. Біз дәріскер,оқытушылар болғандықтан сапалы,білімді маман шығару үшін әртүрлі әдістерді қолдануымыз керек. Менің үйретерім заң саласында болғандықтан оны түсіндіру,миына тоқу ауыр дүние. Сол үшін тапсырма беріп,оны қайта сұрап қатаңдықпен қараймын. Ол студенттің білімді болуы үшін қажетті нәрсе. Тәртіп - қаталдық емес. Мен тәртіпті студенттерден жақсы нәрсе шығару үшін мінезді болуға тырысамын. Сонымен қатар, сабақтарды түрлі сызбалар,сөзжұмбақ,слайт,ребустар құрау арқылы үйреткенді жөн көремін. Өзімізді заң факультетіне білім беруге қарағанда басқа факультеттерге заңды үйрету аса қиын. Олар бұл заң бізге неге керек деп жатады. Дегенмен,заң бәріне ортақ. Сол себепте біз басқа салаға кететін болашақ мамандар үшін бәріне ортақ,өздеріне қатысты заңдарды үйретуге тырысамыз. Жоғары оқу орнына енді келгегдерге көп түсіндіріп,үйретеміз. Әрбір үйретуші оқытушының студенттерді баурап алатын қасиеті,түрлі әдістері болуы маңызды. Өйткені студенттер өте көп. Олардың қабылдауы,псиxологиясы әркелкі. Мысалы, бір студенттерім түсіндіргендерім арқылы заңдарды есінде сақтаса, енді біреулері көзбен көре отырып естерінде сақтап жатады. Міне,осы үшін мен студенттерім осы тәсілім арқылы заңдарды есте сақтайды дей отыра әртүрлі әдістермен жұмыс жасаймын.

                  Дайындаған: Худайбердина Гүлнұр



Бөлісу: