Ұлттық телевизия және ұлттық идеология
жеке
блог

Ұлттық телевизия және ұлттық идеология

Ұлттық телевизия және ұлттық идеология

Ұлттық идеология - идея жүйесі, мемлекеттік билікте ұлттың мүддесі мен құндылығын қорғайды.

Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге оның түрленуінің, оның «басқа жаһандану» белгісімен ойдағыдай жүзеге асырылуының алғышартына айнала алады.

Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол — бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзара түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызга ие бола бермек.

Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған сая- сатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алды- мен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауыл- дың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностардың материалдық және рухани дамуынқолдаудың арнаулы әлеуметтік багдарламаларын әзірлеуді көздейді. Идеялар мен мүдделер жүйесі пікір алысу қағидасына орай құрылымдалады.

Алпыс жылға таяу тарихы бар, қазақ телевизиясының қара шаңырағы – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бар.  Мәселен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының идеологиясына келер болсақ, ұлттық телевизияның деңгейі аталмыш арнамен айқындалады. Себебі ұлттық арна арқылы қазақ ұлтының салт-дәстүрі, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары арна арқылы дәріптеледеі.