«Хабар» арнасының кәсіби деңгейі

«Хабар» арнасының кәсіби деңгейі
жеке
блог

«Хабар» арнасының кәсіби деңгейі

«Хабар» телеарнасы мемлекеттік қазақ тілінде және ресми орыс тілінде хабар тарататын мемлекеттік арна. Бұл арна таңғы 07:00 ден түнгі 04:00ге дейін жұмыс істейді. Хабар арнасы жаңалықтарды, ақпатаратты  -сазды бағдарламаларды, реалити шоуларды, аспаздық бағдарламаларды, телехикаяларды, дерекеті бағдарламаларды, музыкалық және басқа да бағдарламаларды халық назарына ұсынады. Мәселен, «Жаңа күн» таңғы ақпаратты-сазды бағдарламасы, «Символы нашей Родины» реалити-шоу, «Қазақ хандығы» телехикаясы
«Ауырмайтын жол ізде» деректі драмасы.

Мемлекеттік арна болғаныдықтан, мемлекеттің идеологиясын қолдайды. Себебі мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Ел арасында «Хабар» арнасы жайлы еліміздің позитивті арналарының бірі деген пікір бар.

“Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады. ”Хабар” телевизиялық арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 12 елінен әзірленеді. Әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де пайдаланады. Ақпараттық-публицистикикалық, қоғамдық-саяси және экономикалық, ғылыми-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. “Хабар” — әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей көрсетеді. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Ел арнадан” тәулігіне 16 сағат бойы телевиз. ойын-сауықтық хабарлар берілді. Шамамен 9,5 млн. адам көретін арна.