Аялдама

                                                       Аялдама

Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа адамдар. Бұл қалаға көшіп келгеніме бір аптаның жүзі болып қалыпты. Менің әлі де туған жеріме деген сағынышым басылар емес. Туған жердің топырағына не жетсін, шіркін... Осы күндердің бірінде қалаға үйренісейін деген оймен үйіме жақын орналасқан аялдамаға бет алдым. Келе салысыммен, бос тұрған отырғышқа отыра кеттім. Жан - жағымда толған адамдар, барлығы өз автобустарын күтуде. Бірі менің жүзіме таңырқай қараса, бірі тіпті мән берер емес. Бір сәтте белгісіз бір автобус келді. Адамдардың барлығы бірден отыруға асығып бара жатыр. Ал мен ше? Мен бұл жерде не істеп отырмын? Бұл автобусқа мінсем бе екен? деген ойлар келіп жатыр. Мініп кетсем, адасып қалатын шығармын, мінбесем, қаланы қалай танымақпын? деп те ойлап қоямын. Солай ойланып тұрғанда, автобус қасымнан жәймен өтіп кетті. Сол сәтте бір өкініш сезімі пайда болды. Осылай 15 минут қалай тұрғанымды да білмей қалыппын. Келесі кезекті автобус келіп, бірден отыра кеттім. Қаланың көркем жерлерін тамашалап, жаңа адамдармен танысып, жаңа достар таптым. Ендігі менің өмірімді түбегейлі өзгерткен аялдамаға деген алғысым шексіз...

 

                                                                     Нысанбаева Аружан 

                                                                      9 сынып оқушысы



Бөлісу: