Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қоғамда неге қайыршылар көп?

Қоғамда неге қайыршылар көп?

Қоғамда неге қайыршылар көп?

Біз ақшаның, нарықтың, ақылдылардың, кəсіпкерлердің заманында өмір сүрудеміз. Күн өтіп, жыл жаңғырған сайын пұл табудың жолдары да көбейіп келеді.Бірақ дəл осындай кəсіп түрін алғаш естідім. Естідім де жағамды ұстадым.

Жақында бір такси ағайдың əңгімесін естідім. Əлде қандай екі түрік əйел адам көлікті тоқтатып , жақын мекен жайға апарып тастауын өтінеді де, аяқ аттам жерге "1000 теңге береміз" дейді. Таксист қуана қуана келіседі. Бір қараса əлгі екі əйел қол арбада отырған бір мүгедек қайыр сұрап отырған шалды көлікке отырғызу алмай əлек. Шошып кеткен таксист оларды келісілген жерге апарудан бас тартады. Бірақ екі əйел таксисттің жанын қояр да қоймай, межелі жерге апаруға көндіреді. Таксист аталған мекен жайға жетіп, бір үйдің ауласына кіреді. Ол аулада он беске жуық қайыршы өмір сүреді екен. Бір кəсіпкерсымақ бизнестің осындай түрін ойлап тапқан сыңайлы. Ол жердегі қайыршылар сол бизнесменнің "қызметкерлері" болып шығыпты. Олар да басқа кəсіп иелері сияқты "план (бір күнде өткізілуі тиіс ақша)" өткізеді екен. Ал план мәселесіне келетін болсақ..... Қайыршы болып қанша пайда табуға болатынын білу үшін, кішігірім зерттеу жүргіздік. Сондағы бір күндік табыс дөңлетіп алғанда 12 000 теңге(үш мезгілдік асыңды санамағанда). Қайыршының бір күндік "еңбегі" осылай бағаланатын көрінеді. Сонда əлгі кəсіпкердің бір күндік табысы алыс берісімен 150 000 теңге, ал жылдық қаржы айналымы 54 750 000 теңге. Ғажайып сандар, солай емес пе?! Ал ол кəсіпкер қаншалықты бақытты?! Адамдардың шарасыздығын пайдаланып тапқан пайда оған қаншалықты рахат əкеледі? Келісемін жоқтан бар жасап, ауадан ақша табу-өнер. Бірақ мейірімді жандардың адал еңбегіне қол сұғып, қорғансыздардың өмірін одан əрі қор қылып, адамдығы жоқ хайуанның ісін істеп тапқан харам ақшаның не керегі бар?! Табыс қуалап , ақшаның артынан еремін деп , ардан аттап кетпегейсіздер. Айтарым осы... 

429 6
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 06 желтоқсан, 01:58
Тегтер: ақша, кəсіпкер, нарық, адам, қайырымдылық, қорғансыздар,өмір,бизнес, нарық, ар, адамгершілік
Пікірлер
+0
06 желтоқсан, 09:26

Өте жақсы. Өзекті тақырыпты қозғапсыз. Мен де қазір көшедегі адамдарға көп қайыр бере алмаймын.

+0
06 желтоқсан, 09:44

Əсел, үлкен рахмет. Көптен бері ойымда жүрген тақырып еді.

+1
06 желтоқсан, 11:17

Жəмиля, жарайсың!!! Биіктерге самғай бер, қанатың талмасын! Мен сен үшін қуаныштымын ❤

+0
06 желтоқсан, 11:43

Арайлым, рахмет!

+0
07 желтоқсан, 13:23

Қайыршыларға садақа беру керек. Беретін ақшаларың көп емес. Азын - аулақ тиын тебен бересіңдер. Соны көп көресіңдер ме?!

+0
08 желтоқсан, 00:45

Садака беру де сауап Ал сауап алудын озiмiз ушiн манызы улкен Садака беруден кашпаган жон

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...