Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сессиядан қалай аман-есен өтеміз?

Сессиядан қалай аман-есен өтеміз?

Сессиядан қалай аман-есен өтеміз?

Балмұздақ болғаның кеше ғана, көзді ашып-жұмғанша алғашқы сессия да келіп қалыпты! Сенің бойыңда: үрей, қорқыныш, қызығушылық,  толқыныс, түрлі сезімдер орын алып үлгерген де болар?! Тіпті, сессияны кейбіреулер ҰБТ-дан да қорқынышты деп ойлайды. Түні бойы бəленбай метрлік шпор жасап, əуре-сарсаңға түседі. Енді бірі қалтафонын қай жағына тығарын ойластырып əлек. Ал "оқымыстылар" уақыттың аздығына қарамастан кітаптары мен лекция дəптерлерін кеміріп жатады. Əркімнің "өзіне ғана тəн" емтиханға дайындалу əдісі бар)) Негізінен, əр оқу орынында емтихан тапсыру əртүрлі жүреді: жазбаша, ауызша, тест, т.б. Үшінші жыл  сессиядан аман-есен өткен тəжірибелі студент ретінде балмұздақтарға айтарым бар.

  Емтиханның түрі қандай болса да, ең бастысы ҚОРҚЫНЫШЫҢДЫ ЖЕҢУ КЕРЕК! Емтиханда оның ешбір пайдасы жоқ, керісінше, кедергі болады. Ұмыт! Бұл жай ғана өтпелі сынақ. Небары 2 сағатта өтеді де кетеді.
 
  Екіншіден, ОЙЫҢДЫ ЖИНА! Иə, сан-саққа шашыраған ойыңды бір жүйеге келтірмей, бар біліміңді көрсете алмайсың. Жауабың да дəл солай шашыраңқы болады.
 
  Үшіншіден, ӨЗІҢЕ СЕН, өзіңді алып шығар-
Ақылың мен еңбегің екі жақтап. Мұны Абайдан артық түсіндіре алатын адам жоқ шығар. Өзіңді тым төмен санама! Білмеймін деп ойлама! Сенімділік аса маңызды.
 
  Төртіншіден, ШПОР мен ТЕЛЕФОНДЫ ҰМЫТ! "Есің дұрыс па? Ұмытып қалсам ше? Білмейтін сұрағым келсе ше? Бəрі солай кіргелі жатыр ғой?!" деп ойлауың мүмкін. Менің есім дұрыс)) Өзің ойлашы, емтиханда телефонмен ұсталып, стипендиядан айырылып, жазда ақша төлеп оқығаның жақсы ма, əлде, емтиханнан бар білгеніңмен, өз күшіңмен, адал арыңмен өткен дұрыс па?
 
  Бесіншіден, ОҚЫ, ОҚЫ жəне ОҚЫ! Жоқ, жоқ, түні бойы шаммен отыр демеймін! Жай ғана дəрісте жазған дүниелеріңде бір-екі қайтара оқып шық. Артық ештеңе керек емес. Сенен тек соны сұрайды. Болды. Сұрақ түрленіп, айналып келуі мүмкін, мүмкін емес, солай келеді де. Тек саспа. Сұрақты бірнеше рет оқысаң нақты не сұрағанын түсінесің.
1
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 05 желтоқсан 2017, 15:36
Тегтер: студент, сессия, емтихан, студент өмірі, студент күнделігі, студенттер, емтихан тапсыру
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2017, 08:01

Өмірімнің бәрі емтиханмен өтіп жатыр. Шынымды айтсам, кейде жалығып кетемін. Әсіресе, әр нәрсеге тиісіп, бір барғанда барлық қатеңді бірден айтпай, бөліп-бөліп, созып жүріп алатын мұғалімдерге деген өкпем қара қазандай, жыным келеді, кейде)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.