1.1.1 теориясы: 0-1

1.1.1 теориясы: 0-1
жеке
блог
Адамның миына 1 миллион (1 000 000) гегабайт ақпарат сияды. Ал енді елестетіп көріңіз, сіздің миыңыз қанша флешка не көлемді жад сақтаушы құрылғы екенін... 

Кәсіп бастау, кәсіппен айналысу, ақша табу, бизнесмен болу, костюм-шалбар, керемет көлік, үй... бәрі адамның ішінде жатқан арман. Ал ол армандарды орындағандар еңбектің жемісін көргендер. Қалғандары сылтаумен сытылып кетіп, қазіргі кезде әлі армандап жүргендер. Неге? Басты себеп кәсіп бастауға ақша жоқ немесе мида бір қасық су ғана болар... 

Қазіргі кезде ақшасына бір мемлекетті сатып ала алатын байлардың бәрі әкелеріне сеніп байып кетті дейсіз бе? Жоқ! Олар 0-ден бастады. Н-ө-л! Тақыр жерге шөп емес, жеміс өсіргендер. Қалай? 

Қалтасының тесігі көрініп тұрған адамның миында 1 деген сан барын білесіз бе? Бұл сан сіздің де басыңыз да бар. Тек соны көрмей жүрсіз. Сіз 1+0 деп есептеудің орнына, 1х0 деп жүрсіз. Сонымен сұрақ: қосқанда есеп «1» бола ма әлде көбейткен кезде «1» бола ма? Мәселе қайда... 

Бұрын қолдың күші сатылды. Яғни адамдардың қолмен, аяқпен істеген жұмыстары бағаланды. Ору, шабу, кесу сынды түсініктер болды. Ал қазір мүлде олай емес. Қазір екі қолдың емес, бас ішіндегі мидың заманы. Ол ормайды, шаппайды, кеспейді, ол – ойлайды. Ол – тудырады. 

1 миллион гегабайт ақпаратты сидыратын мидың 1 идеяны ойлай алмауы мүмкін бе? Адам жасағанды адам жасай алмайды деген сандырақ. Тек 0-ден 1-ге өту ғана. Артық ештеңе жоқ. 

Сіз, иә сіз осы постты оқып отырған оқырман, сіздің қалтаңызда 0 теңге. Көк тиын жоқ. Бірақ сәл қиналып ойлансаңыз, кітап оқып, білім жинасаңыз, миыңызда «1» деген сан пайда болады. Соны жүзеге асыруға асығыңыз. Ал ол «1» деген санның артында қалтаңызда осы уақытқа дейін жатқан нөлдердің нешеуі бар екенін елестетіп көрдіңіз бе? 1 000 000 000... бұл сіздің ойлау еркіңізде. Тек бірді нөлге көбейтіп, бәріне асыға бермей, қосыңыз. Нені? Арман+Мақсат. Идея+Білім. Кітап+Тәжірибе. 1+0. 

Дәл қазір сіз қоғамдық көлік ішінде отырсыз әлде тұрып тұрсыз. Жұмысқа келе жатырсыз. Айналаңыздағы адамдар, жұмыстағы бастығыңыз сізге мүсіркей қарайды. Себебі сіздің әлі көлігіңіз жоқ, үйіңіз жоқ. Дегенмен олар сіздің қалтаңыздағы нөлді ғана көріп тұр, олар сіздің миыңыздағы 1 миллионды көріп тұрған жоқ. Не істеу керек: нөл секілді томсырайып сол қоғаммен бірге жүресіз бе әлде бір секілді қақиып тұрып іске көшесіз бе сіздің еркіңізде. 

Мен сізді оятуға тырыстым, досым!

(с) Марғұлан Ақан