Ішіңде бір талантың ашылмай тұр ма, қалай?
жеке
блог

Ішіңде бір талантың ашылмай тұр ма, қалай?

Амансыздар ма? Сау жүрсіздер ғой иә әйтеуір. Мені соңғы кезде бірдеме мазалап жүр. Соңғы кезде емес. Жалпы. Ішімде бірдеме тұрып алып, сыртқа шыққысы келеді. Сіздерде олай болмайды ма?

Сол ішімде шыға алмай жатқан дүниені өзімше талант деп топшалап отырмын. Менің ойымша, мен қазір істеп жүрген нәрсемнен де көп дүние істей алатын сияқтымын. Бірақ не екенін, қандай дүние екенін түсінбей-ақ қойдым. 

Былай ойлаймын, сол ішімдегі шықпай жүрген нәрселерге қоғам, қасымдағы адамдар кінәлі сияқты. Сөйтіп, басқа елге кетсем, (мысалы АҚШ) сол жақта өзімнің барлық қырымды толық көрсете алатын сияқтымын. Сіздерде болмай ма ондай? Болса айтыңыздаршы! 

Соны шығару үшін талай мотивация беретін кітаптар да, видеолар да, кино да көрдім. Бірақ, ішімдегі дүние шығар емес. Енді не ісетемек керек? 

Мен өзімді керемет талантты адаммын деп санамаймын. (Сіздер де олай ойламаңыздар!). Бірақ, қолымнан біраз нәрсе келеді (мақтаншақ). Дегенмен де әлі істей алатын нәрселерім көп сияқты болып тұрады. Ал, анау кітап, кино, видеолар маған керемет әсер де етпейді. 

Өткенде бір психологқа бардым. Былай дейді - Адам өз ойлағанынан да көп нәрсе істей алады. Тек өз-өзін шектемеу керек. 

Сөзінің жаны бар-ау шамасы. Өйткені, шынымен біраз нәрсе істей аламыз ғой. Бірақ, сол қыт-қыттап өз-өзімізді кері тартып тұрамыз. Негізі кері қарай жүреміз ғой көпшілігіміз. 

Шынымды айтайын, бұл тақырыпты әлі кеңінен қараған жоқпын. Тек видеолар мен кітаптарды қарадым. Енді алдағы уақытта қарап шыққым келеді. Сонда ішімде не жатқанын анықтап алармын. Сонда "істеу керек еді", - деген сөзден айырылатын шығармын! 

Қыртымбай жазу ғой. Өздеріңіз қалайсыздар жалпы? Блок жазсаң, аңдып отырады екенсін. Кім не жазды деп. Уәде, уәде. Сериалдардың екінші бөлігін шығарамын. Ертең шығар шамамен. 

Жұмыста ішімдегі нәрсе маза бермеген соң жазылған дүние еді. Оқымасаңыздар да ренжімеймін. Оқысаңыздар ойларыңызды тастап кетіңіздер!