Мәңгіге М.М.

Мәңгіге М.М.
жеке
блог

Мұқағали ақын ағадай кім түсінер адам жаның?...

Бөрі екенмін

 

Ақылыңды
Ашуыңа жеңдірмей,
Бауырым-ай,
Ақыры сен келдің бе, ей?!
"Бөрі арығын білдірмейді", - деуші еді.
Сол бөрінің бірі екенмін,
Көрдің бе ей?

Жан емес ем
Жалған айтып,
Жұртты алдар.
(Өздерің біл, құптамаңдар, құптаңдар)
Бөрі екен мін,
Сыртым ғана қампиған,
Сыбағамды беріп жатыр сырттаңдар...

Берсін,
Берсін,
Не көрмеген бұл басым?!
Тек жұрегім
Жыламасын, жырласын.
Жағдай міне,
Рақмет, құрдасым!
Жалғыз қалам,
Жалғыз дәптер - сырласым.