Бетпе-бет

Бетпе-бет
жеке
блог

Адасып қайда барасың?

Жоғалтып алдым анамды,

Тоқташы, қашан анаңды

Соңғы рет көрдің, ойлашы?

Отыра тұр деп кетті,

Қарным ашты, ал, ол жоқ.

Күдік жайлап көңілді,

Бала жанар - сауал көп.

Қазір саған ас пен су

алып келе қояйын.

Қолдан қысып, балақай,

Менде бірге барайын?

Көзге жастар жиналып,

Тамақта тұр бірдене...

Жүрек шаншып, әттең-ай,

Қолын қысып кеудеме

Балапаным, қарашы,

Көріп тұрсын сен нені?

Мөлдір жанар дір етті,

Сезімдерді алдамшы,

Көріп тұрмын дегендей...

Қарақаттай көздері

Алданғанын сезгендей...

Маңдайынан бір өптім,

Қолдарынан бір сүйіп,

Білесің бе, нақ анық

Көріп тұрмын мен нені?

Бала көңіл аңғалдақ,

Айтқаныма сенбеді.

Асыл тасқа бергісіз жүрегі бар,

Қарақаттай жанарына бұл әлем тар.

Үлкен адам алып тұлға көремін,

Маңдайынан өпкен сайын өзіннің.

Сен әлі де ұлы өмір сүресің!