Мүмкіндік

Мүмкіндік
жеке
блог

Жібек көйлек самал желге елітіп,

Мұз жүректі мың бөлшекке ерітіп,

Жанарыммен тығылыспақ ойнайды,

Сылқым ерке ойнауында қоймайды.

Ақ білегі асыл түске айналды,

Күн нұрынан шашы оттай жайнайды,

Күлген кезде жүрек бір сәт дір етіп,

Ерекшемнің еркесіне тоймайды.

Жүрегіңнің ақтығына үндемен,

Көңіліннің пәктігін де нақ білем,

Махаббаттың болса егер бейнесі

Өзге емес, бір өзіңді теңер ем...