Бір түйір ой

Бір түйір ой
жеке
блог

қыпша бел, нәзік, періштем,

алыстан бейнең тым жақын.

елестен туған ертегім,

арманға қалай айналдың?

сүйкімді жүзің, жанарың,

сыйқырға қандай ие екен?

телміре қанша қарадым

кеудеде туған сезіммен,

бұлақтай сыңғыр күлкіңнен

жүректе ғажап ән туды,

арбай бер тылсым бейнеңмен,

ерекше ерке хор қызы...