Сағынғанда.....

Сағынғанда.....
жеке
блог

Еш себепсіз бір өзіңді сағынып,
Отырмын жылы лебіз арнағалы
Байқасам өткен екен біраз уақыт,
Саған жаным жыр шумақ жазбағалы.
Барма бақыт мен үшін сенен басқа?!
Тағдырымның тартуы деп білемін.
Шүкір деймін тисінші тілім тасқа 
Күнделікті айтатын ақ тілегім.
Мекен еткен жүректің сезім тағын,
Кетпесе екен басымнан тайып бағым.
Жаратушы Ин Ша Аллах бұйыртса егер,
Болайықшы мәңгілік бірге жаным!

Әлия Иманжанова.