Асқар Бисембиннің жаңа туындысы - «Больше, чем кино»

Асқар Бисембиннің жаңа туындысы - «Больше, чем кино»
жеке
блог

Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында Асқар Бисембиннің жаңа туындысы «Больше, чем кино» фильмі көрсетіледі.

Комедиялық жанрда түсірілген «Больше, чем кино» фильмінде елімізге белгілі актерлермен қатар, КТК ойындарының тарландары және вайн кейіпкерлері түседі. Фильм желісі бойынша шетелде оқып келген жас режиссер Ерлан өз киносын түсіру үшін демеуші іздейді. Алайда, ешкім де жас кинорежиссерге қолдау бермейді. Тек шағын студияға режиссер болуға шақырады. Амалсыздан ол балаларға арналған бағдарламаның түсіру жұмыстарына кіріседі. Түсіру алаңында оләріптестерінің көмегімен кино түсіруге бел буады. Анық қызық осы кезде басталады.

Фильмде махаббат, достық, адамгершілік, құрмет секілді қасиеттерді көруге болады. Мұндай кино елімізде бұрын-соңды болмаған. Сондықтан да отандық өнімді көруге шақырамын. Отандық киноиндустрияны қолдайық!

Алдын ала көрсетілімді ұйымдастырған “Sulpak cinema” компаниясы мен “Lumiera Cinema” кинотеатрына алғыс білдіремін!