Бұлай суретке түспеңдерші, жігіттер?!
жеке
блог

Бұлай суретке түспеңдерші, жігіттер?!

   1) Жастықта жатып (бəрі солай істейді). "Əдемі" бетіңізді көрсетудің басқа амалын тапқаныңыз жөн. Мұндай сурет ешкімді қызықтырмайды. Желідегі достарыңызды сыйласаңыз, дереу өшіргеніңіз дұрыс-ау?! 
   2) Ақшасын көрсетіп. Иə, иə, кəдімгідей 10 мыңдықтарды көрсетіп қызды жаулаймын, қызықтырамын деп ойламаңыз. Сізден басқа ешкімде ақша жоқ па? Басқалар солай түсе алмайды деп ойлайсыз ба? Əлде ақшасын жарқыратып түскен əдемі деп ойлайсыз ба? Мақсат не?
   3) Телефонмен сөйлесіп тұрғандай кейіп таныту. Бұл əлдеқашан сəнге айналып, əлдеқашан қалып қойған. Ұмытатын кез келді. Бұлай түсу бұрынғыдай күшті боп көрінбейді.
   4) Жейдесіз, киімсіз. Оның үстіне бір емес бірнеше фото. Не ол? Мəдениет қайда? Аккаунттарына кірсең, жалаңаш киімі жоқ па деп ойлайсың. Ұят! Көруге ұяламын!
   5) Артқы фонға мəн бермеу. Көріп отырған адам шашылып жатқан бөлмеңізді байқамайды деп ойламаңыз. Біз бəрін байқаймыз. Бəріне мəн береміз. Əсіресе, қыздар қауымы.
   6) Себепті, себепсіз көзілдірікпен, əсіресе, үйде суретке түсу! 10 суреттің сегізіне  күннен қорғайтын көзілдірікпен түссеңіз тағы да "мачо, өзінше, красавчик" боп көрінбейсіз. Бұл тым күлкілі көрінеді. Əр заттың реті бар, орны бар.
   7) Қиылған, кесілген суреттер. Достарыңызды көрсетуге ұяласыз ба? Олардың кесілген қолдары мен аяқтарына мəн бермейді деп ойлайсыз ба? Суреттен сізді танымай, таппай қалады деп қорықсаңыз "көк жейдедегі мен" деп жазып жіберсеңіз жеткілікті))
   Ал енді жігіттер қауымына сұрақ: неге бəəəəрің кухняда суретке түсесіңдер?) Шай ішіп отырып "инстаграмға сурет салу керек еді, əкелші телепонды" деп түсе саласыңдар ма? Осыны түсінбеймін. Кез келген жігіттің парақшасынан кем дегенде осындай 1 сурет табуға болады))