Қазығұрттан қанат қаққан қаламгер

Қазығұрттан қанат қаққан қаламгер
жеке
блог

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру және әдеби шығармашылықты  дамыту,  жас ұрпаққа  насихаттау  мақсатында   Алтынтөбе ауылы Өнер Жамалов атындағы жалпы орта мектебінде Алтынтөбе ауылының тумасы,  айтулы мектептің түлегі, Қазығұрттан қанат қаққан қаламгер, ақын, филология ғылымдарының  кандидаты,  шығыстанушы, дипломат , әдеби аудармашы, «Оянып кеткен ақ сәуле », «Сағынып жүрмін» жыр жинақтарының авторы  Дүйсебаев Дәуірбек Құдабайұлымен әдеби кездесу кеші болып өтті.

        Ақынның  туған жеріне арналған «Қазығұрт», «Алтынтөбе», «Төрткөлтөбе», «Әсем көл» т.б өлеңдерінде жырақта жүріп кіндік қаны тамған өлкенің иісін аңсаған адал перзенттің сағынышы сезіледі. Кездесу барысында  Дүйсебаев Дәуірбектің   өмір жолы және  шығармашылық еңбегімен  таныстырылып,  мектеп оқушылары оянып кеткен ақ сәуленің ұшқынындай  арнау  өлеңдері мен өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыды. Оқушылар ақынның шығармашылығымен кеңірек танысу үшін «Сыр-сұхбат» жүргізді. Әдеби кездесу соңында өз қолтаңбасын қойып, жыр жинақ кітаптарын оқушыларға сыйға тартты.

       Ақынның отбасына амандық, шығармашылығына табыс тілей отырып, қаламыңыз мұқалмасын демекпін!

                                                                                                                              

 Утембаева Динара

Өнер Жамалов атындағы  жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі