Облыстық білім беру мекемелері мектеп оқушылары арасында облыстық жайдарман ойыны

Облыстық білім беру мекемелері мектеп оқушылары арасында облыстық жайдарман ойыны
жеке
блог

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы-жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. «Жайдарман» — қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. 

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында облыстық білім беру мекемелері мектеп оқушылары арасында «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық жайдарман ойыны Ақтау қаласында қараша айының 16-жұлдызында «Арман» жастар орталығының акт залында өткізілді. Жайдарман ойының мақсаты – жастар арасында ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен оны кеңінен насихаттау, жастардың бойынша отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру, жастардың шығармашылық деңгейінің артуына, шеберліктерінің ұшталуын қалыптастыру. Жайдарман ойының тақырыбы ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің және Қарулы Күштерінің 25 жылдығы. Жайдарман ойына Маңғыстау облысына қарасты қала мен аудандардан 7 команда қатысты. Мұнайлы ауданынан «Қарапайым жігіттер», «Не хабар?», Жаңаөзен қаласынан «11 KZ», Мұнайлы ауданынан «Құрдастар» командасы, Бейнеу ауданынан «АБК» командасы, еркін құрама «Фаворит» командалары қатысты. Командылардың өнерін бағалау үшін қазылар алқасы құрылды. Құрамында Сағынтаев Дәулет Ерланұлы – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Қарақойшиев Абзал Бақытжанұлы - Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің бас маманы, Венера Мирлан – Облыстық «Маңғыстау» газетінің журналисті, Республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі, Мағдатов Наурызбек Серікұлы - «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Фазылбек Абылай Фазылбекұлы– «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен сәлемдесу, кейін бес жаңалық. Байқау қорытындысы бойынша Бейнеу ауданының "АБК" құрамасы І орын, Мұнайлы ауданының "Құрдастар" командасы ІІ орын, еркін құрама "Фаворит" ІІІ орынға ие болды. Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Жайдарман ойының өтуіне қолдау білдірген «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалына, Ақтау қалалық жастар ресурстық орталығына бірлістік атынан өз алғысымызды білдіреміз.