Түпқараған ауданының құрметті азаматы,халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұстаз-профессор, Әбдірахманов Оңайбай Рахиұлымен жастармен еркін форматта кездесу

Түпқараған ауданының құрметті азаматы,халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұстаз-профессор,  Әбдірахманов Оңайбай Рахиұлымен жастармен еркін форматта кездесу
жеке
блог

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында бастау алған Лекториум-2017 жобасы биыл өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері қала, ауыл әкімдерімен жастардың еркін форматта  кездесулері өткізілді.Бұл республикалық жоба. Еліміздің барлық облыс, аудан, қалаларында осындай еркін форматтағы кездесулер үздіксіз өткізіліп келеді. Жобаның мақсаты: мемлекеттік қызметтегі, билік басындағы тұлғалармен, мекеме басшыларымен, құзырлы орындар басшыларымен, ауданның құрметті азаматтарымен аудан, қала, ауыл жастарын кездестіріп, ол тұлғаны басқа қырынан тану болып табылады. Аудан бойынша еркін форматтағы кездесуді аудан әкімі Темірбек Тыйылұлы өзі бастаған болатын.  Бүгінгі кездесудің қонағы күні кеше ғана 70 жас мерейтойын тойлаған Түпқараған ауданының құрметті азаматы,халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұстаз-профессор,М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының директоры Әбдірахманов Оңайбай Рахиұлымен Форт-Шевченко мектеп-интернатында Түпқарағандық жастар еркін форматта кездесті. Алдымен кездесу ағайдың өмірбаяны бойынша дайындалған бейнероликпен басталды. Ағайға жастар еңбек жолынан түйген тәжірибесі бойынша сұрақтар қойып, құнды жауаптар алды. Сонымен қатар ватсап желісі арқылы, арнайы дайындалған пікірлерден бейнероликтер көрсетілді. Аталған кездесу өте тамаша, жарқын қызықты сұхбат болды. Оңайбай ағайға аудан жастары атынан шапан жабылып, сый құрмет көрсетілді.