БІР ҚОЙЫЛЫМДА ҚОС БІРДЕЙ ЖАҢАЛЫҚ
жеке
блог

БІР ҚОЙЫЛЫМДА ҚОС БІРДЕЙ ЖАҢАЛЫҚ

Оңтүстік Қазақстан облысының қуыршақ театрында Н.Осипованың пьесасы желісімен қойылған «Полторы горсти» қойылымының тұсаукесері өтті. 
Премьераны қала тұрғындары мен ата-аналар және балалар тамашалады. Қойылымның қоюшы - режиссері мен  музыкамен көркемдеген, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері – Антонина Малюченко. Қоюшы – суретшісі, театрдың бас суретшісі – Ольга Кравченко. 
Қойылымда негізгі кейіпкер ауырған анасын аяқтан тұрғызып, көмектесу жолында көптеген шым-шытырық оқиғаларды бастан кешіп, соңында өз мақсатына жеткендігі сомдалады.
 Қойылымның ерекшелігі театрдың кəсіби əртістерімен қатар, мекеме студиясына қатысып жүрген балалардың да сахнадағы тұсауы кесіліп, өз образдарын тұңғыш рет ойнап шықты.