Ресей жұлдыздары+Грек елінің аңыздары=«Мифтер» / «Мифы»

Ресей жұлдыздары+Грек елінің аңыздары=«Мифтер» / «Мифы»
жеке
блог

Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында Ресейдің режиссері Александр Молочниковтің «Мифтер» / «Мифы» атты жаңа киносының көрсетілімі басталады.

«Меломан-Афиша Қазақстан» компаниясы мен «Chaplin Cinema» кинотеатрының ұйымдастыруымен фильмнің алдын ала көрсетілімі өтті. Алғашқы секундтардан кино қызықты сәттерге, әнге, биге толы. Фильмде ресейлік танымал кино және театр жұлдыздары түскен.

Оқиға желісі бойынша киноның әр кейіпкері тарихта қалған Грек елінің мифтерінің кейіпкерлеріне ұқсас келеді. Олардың тағдыры бір, мақсаттары ұқсас. Фильмнің басты кейіпкері Греция елінің азаматы барлығымен танысып, оларды миф кейіпкерлерімен салыстырады.

Егер де уақытты қызықты әрі көңілді өткізгіңіз келсе, міндетті түрде, «Мифтер» / «Мифы» атты жаңа фильмді тамашалаңыздар»!