АРЫСТА КІЛ МЫҚТЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

АРЫСТА КІЛ МЫҚТЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ
жеке
блог
 
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қалалық "Дарабоз жігіттер-2017" байқауы өтті. Мақсаты жастардың патриоттық сезімін көтеру, рухы мықты, өнерлі жігіттерді елге тыныту, имандылыққа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын дәріптеу. Қала мектептерінен іріктелген үміткерлер жігітке тән жеті өнерді көрермендер назарына ұсынып, өздерін сан қырынан танытты. Нәтижесінде байқаудың "Бас жүлдесі" Дермене ауылы, Ж.Ташенов ЖОМ оқушысы Темірбек Мұхамеджанға бұйырды. Басқа да қатысушылар өзге де жүлделі орындарды өзара бөлісті.