"Оңтүстік-Цирк" акробаттары Қытай Халық Республикасына аттанбақ.

"Оңтүстік-Цирк" акробаттары Қытай Халық Республикасына аттанбақ.
жеке
блог

Оңтүстік-Цирктің бір топ əртістері гастрольдік сапармен Қытай Халық Республикасына аттанбақ. Арнайы шақырту алған əртістер қиыннан қиысқан акробатикалық нөмірлерімен "Аспан асты елі" көрермендеріне өнерлерін көрсетеді. Бұған дейін де бірнеше рет аталған елдің өнерге жақын қауымының ыстық ықыласына бөленген дарынды жігіттер еліміздің бірқатар облыстары мен күнгей өлкенің цирк сүйер жұртына етене таныс. Акробатикалық өнерді жетік меңгерген өнер иелері Ибрагим Алиев, Ерлан Даурилбаев, Дастан Ерсілі, Жангелді Даниярбек, Улугбек Медешовтер алдағы күндері аталған елдің Сиань қаласына табан тірейді. Гастрольдік сапардың мақсаты-акробатика саласы бойынша біліктілігін арттырып, тəжірибе алмасу болып табылады.