Бір түйір ой

Бір түйір ой
жеке
блог

Тәтті түске айналған балалығым,

Әке, айтшы, қалайша қайтарамын?

Сәби жүрек, аңқылдақ көңілімді

Жоғалтып алмадым ба білмей далмын.

Себепсіз күлкі сыйлар, ойын көрген,

Ертегі балалығым қайда қалды?

Әке, айтшы, үлкен өмір мені күткен

Жоғалтып тастамай ма арманымды?

Әр түнімнің тыныштығын сыйлап келген,

Анамның алақанын сағынамын.

Әке, айтшы, бұл тағдырым не берерін?

Мен әлі үлкендіктен қашқақтаймын.

Әке, маған балалықтың бал дәуренін

Салып берші ертегідей тәтті әлем.

Әке, менің жетер ме екен дәрменім?

Үлкендікке балалықты алып келем.