Нұрзияның жауаптары. (кезексөз)

Нұрзияның жауаптары. (кезексөз)
жеке
блог

Жалпыңызға СӘЛЕМ беруден бастайын кезексөзді. Көптен бері бас сұқпай кеткен массагетіме Айгүл апкемнің кезексөзінен кейін оралып отырған жайым бар. Талаптан таймай, жауаптан қайырайын:

1.Өзім жайлы

     Атаева Нұрзия Ахатқызы - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 1988 жылы 28 тамызында дүние есігін ашыппын. Ауылдағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 9 сыныбынан кейін, Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжін үздік аяқтап, Тараз мемлекеттік үниверситетінің білімгері болдым. "Мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығы бойынша алған дипломым бүгінгі таңда Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты кеңсесінің бас маманы қызметіне жарап тұр). 

     Мінезім туралы кесіп айта алмаймын. Уайымшыл, жауапкершілікті сезінетін, досқа адал, өнер мен поэзияға жаны құмар, патриот, жақсы адамды құрметтеу үшін жаралған Алланың құлдарының бірімін.

2.Хоббиің не?

Бір ауыз сөзбен - өнер иелеріне қатысты барлық дүниелер.(журналдар, сұхбаттар оқу, суретке түсу, жаңалық тыңдау).

3.Қай елге саяхат жасағың келеді?

Мүмкіндік болса жер әлемді шарлағанға не жетсін?! Мекке-Мәдинаның құдіретін сезініп, тілек тілеу арманым һәм парызым. Кейінгі кезде Түркияда демалсам деген ой көңілден кетер емес..

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса?..

Алланың адам етіп жаратқанына шүкір, дегенмен тіршіліктің көзі, сылдырап аққан мөлдір бұлақтың суы болар ма едім)..

5. Өмірлік ұстанымың?

Сыйлағанның құлы бол!

6.Алғаш рет сүйіскенің есіңде ме?

Есте қалатын сәт), әрине.

7.Кімді жақсы көресің?

Жаны жайсаң, біреуге үлгі бола алатын, музыканы түсінетін мейірімді адамдарды.

8.Сүйікті әнші, әртіс, саясаткерің, неге ол?

Қазақтың маңдайына біткен арғымақтарымыз көп-ақ. Өнерімен өздерін мойындатқан "Музартымыз" - өнердің биік шыңы, Тамара Асар -еңбекқор, қайратты, Баян Есентаева - өте іскер, Оразгүл Асанғазықызы - данышпан депутат.

9.Сүйікті спорт түрі?

Өзім спортпен айналыспаймын. Бірақ, бокс, футбол ойындары болып жатқанда тұрып кете алмаймын. "Еуро-2012" дүбірлі додасы менің ең әдемі қызығушылығым.

10.Сүйікті фильм?

"Қоштасқым келмейді"-ні көре бергім келеді)). Негізі, фильм көре алмаймын, одан да концерт, әдеби кештерді көргенді қалаймын.

11.Үйде кім басшы болу керек?

Әкені бірінші сатыға қою арқылы басшы деуге болатын шығар. Біздің үйде солай, әкенің қас-қабағына қарап, сол кісінің сөзін күтеміз.

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Бір-бірінен тығып ту-талақай қылмай, ортақ жерде, ортақ мүддеге жұмсау керек сияқты).

13. Сүйіктіңіз басқа мемлекетке кетем десе, бірге барар ма едіңіз?

Бармаймын деп үзілді-кесілді айта алмайтын шығармын, өйткені "сүйген-соқыр" деген бар дейді сүйгендер)...

14.Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні не?

Адамдарды бұл өмірге сынақ үшін келген деп ойлаймын, Алла Тағала жұмаққа ма, тозаққа ма жіберуін шешу үшін. Сондықтан, адалдықты серік етіп, адам болып өмірден өту керек.

15. Жауабын таппай қойған сұрақ кездесті ме? (Айгүл әпкенің сұрағы).

Қызғаныштан көре алмаушылық  қасиеттері бар адамдарды бір көргеннен тануға бола ма?

Осы сұрақты Гүлнұрға қойып, кезексөздің тізгінін беремін сұлу қызға!