жеке
блог

Уақыт пен қашықтыққа қарамай...

Astana Motors компаниясына 25 жыл толуына байланысты “25 «Астана Моторс». Вместе – через время и расстояния” атты кино конкурс жарияланғанын білерсіздер. Әр кім көлігіне, осы Астана Моторс компаниясымен байланысты оқиғаларын жазып жіберген. Жіберілген 80 нен аса оқиғалардың 10 үздік деген жазбаға қысқа метражды фильмдер түсірілген. Фильмдерді Ақан Сатаев, Ақтан Суюншалин, Рубен Казарян, Толик Байсакалов сынды танымал режиссер мен кино саласына енді қадам басқан режиссерлар түсірген. Кейбір киноға Санжар Мадиев, Динара Бақтыбаева, Төлеубек Аралбай, Ален Самыкенов сияқты танылып қалған актерлар түскен. Бұл фильмдердің ерекшелігі сол, бұлардың бәрі өмірде болған шынайы оқиғалар. Адам сенбейтін, бірақ олардың күнделікті өмірінде орын алған жағдайлар. Бірі сізді жігерлендірсе, бірі сізді ойға қалдырады, бірі сізді күлкіге қарық қылады. Рас, өмірдің өзі кино. 

Өзіме ұнаған фильмдерге тоқтала кетсем
1. Сегодня. Бұл жерде қарапайым жігіттің адамдығы туралы сипатталады. Өмір - бумеранг, өзің жасаған жақсылығың өзіңе айналып келеді деген ойды әдемі жеткізген. 
http://films.astana-motors.kz/films/today/
 
2. В погоне за мечтой. Ең ұнағаны осы фильм болды. Адамға мотивация беретін жақсы туынды. Әкесіз қалған баланың көшенің бойында жүріп аяқ асты жарысқа қатысып, арманына жол ашуы туралы жақсы оқиға. Көруге кеңес берем. 20 минуттың ішінде сіз қазақы отбасындағы жағдай мен өмірдің біраз сәттерінен керемет әсер аласыз. 
http://films.astana-motors.kz/films/chasing_the_dream/
 
3. Невеста Для Брата. Нағыз қазақи отбасындағы жағдайды жақсы сипаттаған позитивты фильм. Біраз көңілің көтеріліп, арманға беріліп кетуге болады. 
http://films.astana-motors.kz/films/the_bride_for_a_brother/
 
4. Необычное Знакомство. Романтикаға толы, әдемі танысу оқиғасы. Фильмнің түсірілуі идеясы "Короче говоря" деген атпен вайн түсіретін Room Factoryдың стилінде түсірілген. Екі адамның өзінің сөздері арқылы оқиғаны баяндағандары ұнады. Көруге тұрарлық әдемі махаббат оқиғасы. 
http://films.astana-motors.kz/films/unusual_acquaintance/

Негізі қараған 10 фильмнің бәрі ұнады. Әр қайсысының айтар ойы бар. Адамға мотивация беріп қана қоймай өмірде шынымен осындай жағдайлар болатынына сендіре алады. #ВместеЧерезВремяиРасстояния
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі