Фильмдер бар сан түрлі !!!!

Фильм...Бәрімізде қолымыз қалт етіп бос уақыт шыға қалса филім коргенді ұнатамыз.Атыс-шабыс,қырғын соғыс,фантастика,комедиялық және тағы да басқа тақырыптағы фильмдерді қарағанда сан түрлі реакцияда болып,бейне бір сол фильмнің ішінде жүргендей күй кешеміз.

Фильмнен пайда барма?...Фильмнің адамға пайдасы да зияны да тиіп жатады.Біреулер фильмдегі актерлардың ғажайып қимылдарын қайталаймын деп көптеген қиындыққа тап болады.Қорқынышты,жын-шайтан,адам үрейін алатын фильмдерді көргенде адамның психикасында жаман ойлар қалыптасып қалуы мүмкін.Кейбір трагедиялық фильмдерді қараған кезде,көзіңе жас үйіріліп,бейтаныс адамның қайғылы жағдайы үшін қайғырып,көңілің босап кететіні де бар.Мәдени,пайдалы,раухани фильмдерді көргенде адам сол фильмдегі өзіне қажет деген жақсы жерлерін бойына сіңіріп,өз қабілетін,ақыл-ойын дамытады.Фантастикалық фильмдерді көргенде ғажайып әлемде жүргендейміз.Ал тарихи фильмдер көргенде өткен мен кеткен туралы көп мәлімет алуға болады.Яғни фильм зиян да пайдалы да бола алады.

Фильмді өз басым адамға сан түрлі көңіл күй сыйлайтын,бос уақытыңды құр өткізбеуге көмектесетін,адам баласына әлемді танып білуіне үлесін қосатын шексіз ғажайып әрі керемет туынды деп білемін.Сондықтан да бос уақытымыз шыққанда пайдалы,қызықты фильмдер қарап уақытымызды қызықты өткізейік.



Бөлісу: