Қайтар, суырылған жүрегімді қайтар...

Қайтар, суырылған жүрегімді қайтар...
жеке
блог

 Біреуді ұнатып, кейін көңіліңіз қалған кездер болды ма? Ал, үнемі жаныңызда жүргендей сезініп, жылы киініп жүруімді, уақытылы тамақтанып, уақытында ұйықтауымды қадағалап, бірге уайымдап, бірнәрсені дұрыс жасамасаң қабағымен білдіріп, керек болса ұрсып салатын «адамыңның» шын мәнінде жүрегінің түбінде басқа адамның есімін әлі де ұмыта алмай жүргенін сол адамның өз аузынан естігенде қандай күй кешер едіңіз? 

Үнемі жылай береді екен деп сөге көрмеңіздерші....

Енді ғана бір адамға бауыр басып, айналаңдағы адамдарға назар аудармай, санаңда сайрап тұрған сол адамның ғана есімі, тіліңнің ұшына қайта-қайта оралып тұратын сол адамның есімі, жүзіңдегі  жымиыс, ыржиып, күлімдеп жүруіңнің басты себепкері сол адамның есімі болғанда сенен бақытты адам болмайды ... Үміттеніп, түнде ұйықтар алдында сан түрлі қиялға беріліп, сол адаммен бірге жүргенің, отау құрып шаңырақ көтергеніңе дейін ойлап, армандап жатып қалай ұйықтап кеткеніңді де байқамай қалатын кездер. Айналаңдағы адамдардың бәрі әдемі, бәрі жақсы, сүреңсіз күздің өзі көзге ерекше әдемі көрініп, ары беріден соң сарғайған жапырақ пен езілген батпаққа дейін жақсы көріп кететінің. Өзіңде біртүрлі сұлуланып, іс-әрекеттеріңнің бәрі сырт көзге ерекше сүйкімді, ерекше жарасымды болып тұрғандай болатыны... Сол адамға деген ұнату сезімі біртіндеп жақсы көруге ұласып бара жатқандығын іштей сезетінің... Ең бастысын айтайын ба? Сол адамның сенің махаббатқа деген сенімсіздігіңді жойып, шын мәнінде әдемі сезімнің барын, оның әлі де өмір сүретінін, адамдар бір-бірін шынайы сүйе алатындығын дәлелдеп бере алғанында...

Енді ғана өткен жарамның орны жазылып, селкеу түскен сенімімнің қалпына келе бастаған шағында жан дүниемді астаң-кестең еткен алдымда тұрған үлкен қабырға айнаның көз алдымда күл-талқаны шығып шағылып қалғаны не саусағыма қадалған болмашы әйнектің ауыртқаны емес, сенім арта бастаған сол адамымның үміт жібін үзе салғанында .....

            Егер сол адам өзінің бұрынғы сүйіктісін ұмыта алмай жүргенін білсе, әлі де жақсы көретінін білсе не үшін басқа адамды үміттендіретінін менің ішкі дауысым да кеуде тұсымдағы соғып тұрған «зат» та біле алмады.

«Сен жақсы доссың» ... Осы сөзді сол адамның аузынан естімесем екен деп көп тіледім. Екінші рет естісем көңілім сол адамнан да, жұрттың айтатынмахаббатынан  да біржола қалатынын білдім. Міне, сол қорқынышым алдымнан шықты да. Бәлкім, мен көп нәрсе тілеп қойған болармын, қателіктің бәрі өзімнен болар. Дегенмен де .... Табиғатың нәзік, бауыр басып қалуың да өте жылдам болғаны үшін жаратылысыңа кінә арта алмайды екенсің...

Енді қайтпек керек десеңіз, айтайын, Махаббаттың «М» деген әріпі де, басты айналдырып, есіңді кетіретін әдемі сезім де бу болып көкке көтеріліп кетті. Тек жаңбыр болып қайта жауып, жерге сіңіп қайтадан бу болып көкке ұшатын табиғаттың бір құбылысы іспетті болып қала береді...

Бір ғана тілерім, көзіме көрінбесе болғаны!...

Массагетім, ешкімге айта бермейтін көп сырымды осында жазатынымды білесің. Үнемі өзіңмен кеңесемін.

АЙТШЫ, бұрынғы сүйіктісін ұмытуға көмектессем бе? Әлде бір жола сол адамды ұмытсам ба екен?