ХІІІ ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

ХІІІ ҰЛТТЫҚ ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!
жеке
блог

Қазақстанның 14 өңірінен, Алматы мен Астанадан 600-ге жуық қатысушы Петропавл қаласындағы өнердің жоғарғы форумы - 13-ші Ұлттық Дельфий ойындарында жиналды. Бағдарламада 18 номинация енгізілді, олардың қатарында парадельфилік: ишара тілінде ән орындау және есту қабілеті нашар жандарға арналған хореография номинациялары, сонымен қатар тұсаукесерлік - арбаға таңылғандар биі номинациясы бар. Мәдени форумның ұйымдастырушысы Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Ұлттық Дельфий Комитеті болып табылады.

4 қараша күні Погодин атындағы Облыстық драматеатрында ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының Салтанатты түрде өткен жабылу рәсімі мен жеңімпаздардың гала-концерті өткізілді. 

Үш байқау күнінің ішінде Қазақстанның дарынды жастары Петропавлдың түрлі байқау алаңдарында өнерлерін көрсетті. Одан басқа биылғы жылы 100-ге жуық парадельфийлік өтінімдерін берді.     

Дельфийліктер мен парадельфийліктерді құрамында профессорлар мен әйгілі әртістер кірген кәсіби әділ қазылар бағалады. Бұл байқау диалогын орнатып, еліміздің дарынды жастарына мэтрлардың үздік тәжірибесін беру үшін 50-ге жуық көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлерін жиған бірегей алаң.   

- Құрметті қатысушылар, қонақтар мен төрешілер алқасының мүшелері. Баршаңызды "Өнерім - рухани қазынам" ұранымен өткен ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының аяқталуымен құттықтағым келеді. Аталмыш ойындар әрбір қатысушының жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды деген ойдамын. Бұл жылулықты, бұл мерекені сіздер өз өңірлеріңізге, қалаларыңызға жеткізіп, Петропавл қаласында сіздерге өте қызық болғанын қуана айтып береді деген үміттемін - деген құттықтау сөздерін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ айтқан болатын.       

Жеңімпаздарды құттықтау қаланың барлық алаңдарында өтті. Ал көптен армандаған медальдерін салтанатты түрде табыстау ойындардың Салтанатты түрде өткен жабылу рәсімінде өткізілді.

Ұлттық дельфий комитетінің директоры ҚҰРАЛАЙ ТҮСІПБЕКОВА ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының медальдарды есептеу кезінде жеңімпаз өңірлердің үштігін жариялады:

- Жалпыкомандалық есептеу кезінде бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы иеленді. Оның еншісінде 9 алтын, 11 күміс және 6 қола медальдары бар. Екінші орын біздің елордамыз - Астана қаласында, олар 4 алтын, 5 күміс және 2 қола медальдарын өзімен алып кетеді. Ал медальдарды есептеу қорытындысы бойынша 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алған үшінші орын иесі - Ақмола облысы болды.       

Міне ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындары жеңімпаздарының ең үздік деген қатысушылардың аты-жөндері:

«Қобыз» номинациясы - Гүлім Атошева, БҚО (үлкен топ) және Ажар Хуан, Астана (кіші топ);

Номинация «Современный танец» - танцевальный коллектив «Талисман», Актюбинская область (ст.группа);

«Декоративтік-қолданбалы өнер» номинациясы - Ақбота Таңжарықова, Ақтөбе облысы (кіші топ), Бауыржан Мұхаметқали, Ақмола облысы (үлкен топ);

«Киім дизайны» номинациясы - Мерей Ынтымов, Астана (үлкен топ);

«Халық әндерін орындау» номинациясы - Дильназ Ташмухамед, Қызылорда облысы (кіші топ), Ақмарал Омар, Маңғыстау облысы (үлкен топ);

«Фортепиано» номинациясы - Мария Иванина, СҚО (кіші топ);

«Академиялық ән орындау» номинациясы - Нұрқанат Тапиев, ОҚО (кіші топ), Гүлнұр Жақсылықова, Астана (үлкен топ);

«Театр» номинациясы - ҚазҰӨУ, «Шабыт» театры, Астана (үлкен топ);

«Халық биі» номинациясы - "Ақжайық" би ансамблі, БҚО (үлкен топ), "Қуанамын" ұлттық би студиясы, СҚО (кіші топ);

«Домбыра» номинациясы - Ерқанат Қадыр, Атырау облысы (кіші топ), Бекзат Прилепесов, ОҚО (үлкен топ);

«Бейнелеу өнері» номинациясы - Рыстыгүл Кушерова, СҚО (үлкен топ), Зарина Абуталимова, СҚО (кіші топ);

«Баян-аккордеон» номинациясы - Тимур Крутевич, Ақмола облысы (кіші топ), Матвей Стародубцев, СҚО (үлкен топ);

«Қысқа метражды кино, видеороликтер» номинациясы - Сұлтан Тлегенов пен Зарема Біржанова, СҚО (үлкен топ);

«Тележурналистика» номинациясы - Нұрсұлтан Аббаз пен Қалдыбай Елеуов, ОҚО (үлкен топ);

«Фото сурет» номинациясы - Екатерина Швец, СҚО;

«Эстрадалық ән орындау» номинациясы - Амина Жапар, СҚО (кіші топ), Данияр Жолбарысов, Ақмола облысы (үлкен топ);

«Хореография» номинациясы - "Sensitive" би ұжымы, СҚО (үлкен топ);

«Ишара тілінде ән орындау» номинациясы - Эльмира Балтыкова, Алматы облысы (үлкен топ), Еркеұлан Қуандық, Қызылорда облысы (кіші топ);

Ұлттық ойындар жеңімпаздары медальдар мен дельфийлік деген абыройлы атақты иемденіп қана қоймай, Халықаралық дельфий ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсету құқығына да ие болады.

Дельфий ойындары - серпінді жастар қозғасылысы. Міне сондықтан оның дамуы бойынша мәселелерді ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де қарастыру өте маңызды.   

Бұл тақырыпқа арнап Ұлттық дельфий комитеті мен Солтүстік Қазақстан облысының көшпелі сессиясы өткізілді. Онда Халықаралық Дельфий комитетінің директоры Владимир Понявин мен ұлттық дельфийлік қазылар алқасының мүшелері қатысты.  

Көшпелі сессия отырысында ойындарды дамыту мәселелері, оларды шешу жолдары, сонымен қатар оның болашаққа құрған жоспары мен келешегі талқыланды.