Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыз
жеке
блог

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыз

  Ол апайды біраздан танимын.Бірге жұмыс жасадық.Көбіне орысша сөйлейтін.Орысша білім алған.Күйеуі бұрынырақта тастап кеткендіктен,ұлы мен қызын өзі жетілдірген.Ұлын Ресейде,қызын АҚШта оқытты.Тағдырына налығаныма,әлде әдет қылып жастай сіңірді ме,темекісін сөмкесінен тастамайды..

  Бір күні ұжымда алдымен сыбыс тарады:"Пәленше қызын американецке беріп жатыр екен"..Апта өтпей жатып әлгі сыбыс ақиқатқа айналып,Астананың бір мейрамханасында ұзату тойы өтті.Ұжымнан тек басшыны шақырғанын көрдім(оның өзі бармады).

  Көпшілік ойлады:"Мұнысы несі?Қазақтың баласы құрып қалып па?"Мен де солай ойладым..

Екі аптадан соң әлгі апай ұжымды шағын кафеге қонаққа шақырды..Сол жерде,дастархан басында ағынан жарылды:"-Достар,әріптестер!Бұл менің қызымның ұзату тойының дәмі деп қабылдаңыздар..Менің қызым АҚШта оқуда жүр еді ғой.Сол жақтан тауыпты әлгіні..Көбіңіз неге бұлай болды дейтін шығарсыздар..? Мен олардың жүретінін үш жыл бойына білемін..Үш жыл бойы,мен дұрыс ұйықтамадым..Америкалыққа тұрмысқа шығам дегенде,маған ас та батпай қалды.Мен көп түндерде ұйқы көрмей,әр құрбыма қоңырау шалып жылайтынмын..Тек айтатыным бір нәрсе"Не істеймін?Не істеймін?"Құрбыларыма рахмет.Олар мені ылғи жұбата білді.Бірақ қызым айтқанынан қайтпай ақыры Ақш азаматына тиді..Тойды жақсы атқардық.Туыстар,таныстар жұбатқансиды:"Жақсы ғой,тойды өздері көтерді,ертең бесік апарып әуре болмайсың.Несиеге батырмай,теңін тауып кетті ғой".Маған бірақ өте қиын.Қызым алыста,ұлым бас қалада жұмыста..Тіпті мен кетсем бір бірін жатсынып кете ма деп қорқамын..Мүмкін мен дұрыс тәрбие бере алмадым ба екен?Бірақ екеуін де елден қалдырмадым.Әжем айтушы еді:"Алыс жерлерді,елдерді көрсем"деп.Мүмкін сол арманы немересіне бұйырған болар.Қызым алыс Калифорнияға кетті. Ақ тілектеріңізге рахмет!Мені кіналамаңыздар!"

******

 Жұрт кафеден шыққанда,әрқайсысы бір-бір ой жетегінде кетті.Кейбірі қыздыкін дұрыс санады,кейбірі бұрыс.Сіз қалай ойлайсыз?