Яндекс.Такси Сыр елінде

Яндекс.Такси Сыр елінде
жеке
блог

Яндекс.Такси Қызылорда қаласында қызмет ете бастады. Көлік қызметіне тапсырысты бер үшін қоңырау шалу қажет емес. Яндекс.Такси пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, тапсырысты бәрінен бұрын келуі мүмкін жүргізушіге жібереді. Қызылордада таксиді күту уақыты орта есеппен 5 минутты құрайды, машинаның қозғалысын қосымшадағы қаланың картасынан бақылап отыруға болады. Таксиге тапсырыс бергенде баратын жердің нақты мекенжайын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауын көрсету жеткілікті – сервис оны картадан тауып, маршрут құрады. Оның үстіне, қосымша машинаны беру үшін анағұрлым қолайлы орынды ұсына алады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың екінші бетіне өту жеткілікті, сонда машина тезірек келеді, ал сапардың құны төмендеу болады.

Қызылордада бірыңғай тариф қолданылады: сапардың минималды құны 200 теңгеден аспайды, бұл сомаға машинаны беру және 2 шақырым жол кіреді, одан ары әрбір шақырым үшін ең көбі 40 теңгеден есептеледі. Мысалы, 200 теңгеге Нартай Бекежанов атындағы Драма театрынан Орталық қалалық мәдениет және демалыс паркіне дейін жетуге болады. Қала сыртына шыққанда маршруттың әрбір шақырымы үшін 80 теңгеден артық сома есептелмейді.

Яндекс.Такси таксопарктермен және диспетчер қызметтерімен жұмыс істейді, жүргізушілермен тікелей байланысқа шықпайды. Тапсырыстарды үлестіру барысында қосымша пайдаланушылардың бағалауларына және орындалған сапарлардың статистикасына негізделген жүргізушінің рейтингін есепке алады. Қызылорда қаласында сервиске төрт серіктес таксопарктен 350 автокөлік қосылған. Қазақстанда сервис Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей және Шымкент қалаларында қызмет етеді.