Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеу.

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеу.
жеке
блог

  550 жылдық тарихы бар еліміздің толыққанды мемлекет болу жолындағы әрбір кезеңінің өз қаһармандары болған.1905 жылдан бастау алып, сол кезден қазіргі таңда 100 жылдық тарихы бар Алаш үкіметі халқымыздың мәдени даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.Тарихымызды қадірлей білген Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов осы жетекшіліктің басында тұрды.Алаш зиялыларының алға қойған мақсаты мемлекеттілігімізді қалпына келтіріп, бостандық туын желбірету болды.Осы мақсатқа жету үшін Әлихан мен Ахмет аталарымыз партия құрамына кіріп, елге тигізер пайдасы жоқ екеніне көзі жетіп, екеуі де өз еріктерімен партиядан шығып кеткен.Ал Міржақып Дулатов қазақтарды оятумен келемін деп, Дума депутаттығынан бас тартқан.Қазіргі уақытта өз қарақан бастарынан басқа ештеңе ойламайтын заманда мұндайды күтудің өзі ақымақтық.

  Қазақ халқының тарихын ауыз көпіртіп айтатындай өз жөні бар."Өткен күн, кеше -  тарих, келер күн,ертең - сыр, ал бүгінгі күн - үлкен сый" дейді Қорқыт ата.Күні кеше Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары, күні бүгін жүзеге асып отыр.Мұның айқын бір дәлелі, ата-бабаларымыздың құны болып келген жерімізде емін-еркін өмір сүріп, тапталған намысымызды қалыпқа келтіру болып табылады.Ғасырлар бойы жинақталып, сақталып келген қазақ салт-дәстүрлерін жалғастырып, заман талабына сай білім алып, кейінгі ұрпақты білімді ортада өсіру сияқтыларды орнықтырып кете алмаған Алаш зиялыларының идеялары жүзеге асты деп сеніммен айтуымызға болады.Дәл қазіргі уақытта біздің бір ғана міндетіміз бар, ол - өз еліміздің мақтан тұтар азаматтары болып, ата-бабаларымыз шалған құрбандықтың өмірімізді түбегейлі өзгерткенін естен шығармау.

  Ойымды тұжырымдай келе, өз тарихын білмеген адам - надан адам, ал біле жүріп, құрметтемеген адам - сорлы адам.Кешегі күнімізді білмесек, ертеңгі күнге аяқ баса алмаймыз.Сондықтан бізге тыныштығымызды жеңіп берген, ата-бабаларымыз, Алаштың ұлы зиялыларының неге қол жеткізе алмай кеткендерін ескере отырып, көздері куә бола алмай кеткен орны толмас бөлшекті толтыруға қол жұмылдыра бірге ат салысайық!